• Өндіріс
  • 13 Ақпан, 2020

Қарағандылық кокс: Дамудың жаңа қарқыны

Еліміздің ең үлкен аймағында Қарағанды құю зауыты қайта жаңғыруда. Жаңа инвесторлардың келуімен Qaz Carbon құю зауыттарының бірлестігі болып өзгерген кәсіпорын жұмысының алғашқы нәтижелері елеулі. Өркенді өзгеріс 1200 жұмыс орнын, 100 пайыз қазақстандық қамтуды және шамамен 3 млрд теңге салық түсімін қамтамасыз етуге әкелді.

Еліміздің ірі шикізат базасының бірі саналатын Қарағанды өңірінің бай қорынан сапалы өнім өндіруге зор мүмкіншілік бар. Бүгінде тәулігіне 140 тонна құйма бұйымдарын шығаратын зауыт машина жасау, энергетика, тау-кен металлургиясы және теміржол саласын жандандыруға ықпал ететіні айқын.

Айталық, бұл локомотивтер үшін тежегіш қалып шығаратын елдегі жалғыз кәсіпорын. Бұйым Қазақстанмен қоса, Ресей, басқа да Достастық елдерінің ірі өнер­кәсіптік компанияларының қажеттілігін жабады. Осылайша, болашақта компания жет­кізілімдерінің географиясы кеңейе бермек. Ішкі нарықтағы сұранысты ескере отырып, кәсіп­орын басшылығы құю өнім­дерін өндіруді ұлғайтуды ұйғарып отыр. Кәсіпорын кен байыту фабрикалары үшін шойын шарлар, құрылыс саласы үшін шойын цильпебстер, теміржол көлігі үшін тежегіш қалыптар, сондай-ақ бір қалыпқа келтіріліп құйылған құйма шығарады. Қазіргі уақытта қосымша құны жоғары өнім шығару үшін өндірісті жаңғырту жалғасуда. Дәстүрлі түрде еліміздің бұл бағытта үлкен әлеуеті бар, оның ішінде дамыған инфрақұрылым, тамаша шикізат базасы және бұл істі игеруге қабілетті білікті мамандар жетерлік. Бұл факторлар компанияның жақын болашақтағы дамуын лайықты қамтамасыз етеді деген сенімде компания бас­шылығы. Таскөмірлі жартылай кокс өнеркәсіптің химия және ферроқорытпа салаларында шойынды балқыту үшін қолданылады. Жергілікті нарықта бұл өнімнің жетіспеушілігі сезілетіндіктен, көптеген отандық металлургиялық кәсіпорындар оны өзге елдерден сатып алады. – Нарық үдерісін талдай отырып, біз Қазақстанда осы өнімнің тапшылығы бар деген қорытындыға келдік. Қазіргі уақытта барлық озық өнеркәсіптік елдер қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, қосылған құны жоғары өнімдерді алу үшін қарапайым көмірді терең өңдеуге көшті. Қазақстан осы бағытты дамыту үшін үлкен әлеуетке ие. Біздің зауыт жобалық қуатқа шығатын ішкі нарықтың қажеттілігін 100%-ға қамтамасыз ете алады және экспортқа шыға алады, – дейді «Qaz Carbon» ЖШС акционері Давид Кемертелидзе. Жаңғырту аясында негізгі екпін абсолюттік жаңа технологиялар трансферінің көмегімен еңбек өнім­ділігін арттыруға қойылады. Жоба толығымен жеке инвестиция есебінен іске асты. – Қазіргі таңда Мемлекет басшысының еңбек өнімділігін арттыру, жеке инвестицияларды, соның ішінде шетелдік инвести­ция­­­ларды тарту арқылы жаңа тех­нологиялар трансферін қалып­тас­тыру бойынша тапсырма­ларын орындау үшін тәжірибелік шаралар жүзеге асырылуда, – дейді «Qaz Carbon» ЖШС акционері Ерлан Нығматулин. Өнеркәсіптік кәсіпорынның бірегейлігі сол, онда соңғы буынды энерготиімді және экологиялық таза әзірлемелер енгізілуде. Барлық процесс автоматтандырылған, бұл зауыттың жұмысын экономикалық тұрғыда тиімді етеді. Мысалы, бөлінетін газдар қазандықта жанып, ішкі температура үшін қолданылады да, қазандықты түсіру кезінде атмосфераға тек таза бу бөлінеді. Ауқымды жаңғыртудың ар­қасында зауытта ескірген жаб­дықтар, соның ішінде 60 жыл бойы жұмыс істеп тұрған шойын балқытқыш пештер ауыстырылды. Сондай-ақ жоғары сапалы шойын мен болатты қоршаған ортаға зиян келтірмей өндіруге мүмкіндік беретін жаңа индукциялық пештер орнатылды. Жаңа жабдықты қолданумен алынған қорытпа құрамында зиянды қоспалар анағұрлым аз. Енді зауыт жыл сайын 36 мың тонна жартылай кокс шығаруға дайын. 2020 жылы екін­ші пеш іске қосылғаннан кейін зауыттың өндірістік қуаты 72 мың тоннаға жетпек, ал инвестицияның жалпы сомасы – 140 миллион теңге. Инновациялық технология­ларды енгізудің, процестерді автомат­тандырудың арқасында кәсіп­орында осы өндірісті іске қосумен 50 жаңа жұмыс орны ашылды. Qaz Carbon жоспары – ірі көлемді құю өндірісі бойынша жаңа цех салу. Ал бұл қосымша жұмыс орын­дарының ашылуына себеп болады.

Ботагөз Әбдірейқызы

609 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы