• Өндіріс
  • 23 Сәуір, 2020

Таңдау отандық өндірушіге түсті

Соңғы айларда маска тапшылығы белең алған сайын оның бағасы да бірнеше есе өсіп, бір жүйеге түсе алмады. Нәтижесінде тұрғындардың көпшілігі, тіпті алдымен вирустың таралуына қарсы іс-қимыл жасайтын медициналық қызметкерлердің өзі алдын алу шараларын сақтауға қажетті қарапайым масканы таппай қалды. Осы өзекті түйткілден шығу үшін ERG құрамындағы Қазхром трансұлттық компаниясы өзінің 19 мың қызметкерін медициналық бетпердемен қамтамасыз етудің ең оңды жолын таңдады.

Бетперде жетіспеушілігінен арылу үшін ұлттық компания нарық қиындықтарын пайда көзіне айналдырған алыпсатарларға жүгінбей, отандық өндірушіні, Ақтөбе тігін фабрикасы – «Глобал-Спецодежда» ӨБ» серіктестігін қолдап отыр. Бірнеше жылдан бері ERG кәсіпорындарына арнайы киімдер жеткізіп жүрген жергілікті фабрика енді елдегі төтенше жағдай кезінде Қазхром сұранысы бойынша өнім түрін ұлғайтты. Көлемді тапсырысты қолға алған ақтөбелік тігін фабрикасы ERG тау-кен металлургиялық компаниясының Қазақстандағы барлық кәсіпорындарын көп реттік бетпердемен қамтамасыз етпек. Егер Қазхромда 19 мың адам жұмыс істейтінін және әрбір қызметкер екі сағат сайын бір реттік медициналық бетпердені ауыстыруы керек екенін ескерсек, оларға қаншалықты көлемде маска қажет екенін есептей беруге болады. – Әр қызметкерге екі бетпер­деден, яғни бір күн ішінде екі мәрте ауыстыру үшін кемінде 200 мыңнан астам дана маска керек. Алғашқы сынақ партиясын жасағаннан кейін ERG басшылығы «Глобал-Спецодежда» ӨБ» серіктестігінің толық тобына Қазақстандағы Топ кәсіпорындарының барлық мыңдаған ұжымын маскамен қамту үшін тапсырыс беруді ұйғарды. Сонымен қатар қауіпсіз және ыңғайлы пайдалануға арналған арнайы нұсқаулық­тар да жасалды. Біз екі апта ішін­де компанияның қажеттілігін қамдай аламыз деп үміттенеміз. Жеткізушіні таңдаудан бұрын, біз көптеген ательелелерді аралап шықтық.

Бірақ олардың бірде-бірі мұндай үлкен тапсырысты орындауға әзірге қауқарсыз болды, – дейді «Қазхром» ТҰК» АҚ сатып алу бөлімінің бастығы Игорь Филиппенко. «Глобал-Спецодежда» ӨБ» бетперде дайындау үшін табиғи бөзді қолданады, қазіргі кезде матаны осы мақсатта пайдалануға лицензиялау жүргізіліп жатыр. Бұл ретте өндіруші өз өніміне бір жылға кепілдік береді. «Қазхром» компаниясы ERG-дің барлық кәсіпорындарының жұмысшыларына көп реттік бетперде беруге 55 миллион теңге бөлді.

Бүгінде «Қазхром» ТҰК» АҚ қауіпті инфекцияның таралуын болдырмау және оның алдын-алу бағытында қатаң шараларды сақтай отырып, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеуде. Чартерлік рейспен бақылау-өткізу қосындарында дене температурасын жедел анықтау үшін 16 ағынды жылу өлшеуіш, обаға қарсы 1100 костюм мен арнайы көзілдіріктер жедел жеткізілді. «Қазхром» ТҰК» АҚ Топтың барлық кәсіпорындары үшін жеке қорғаныс құралдары және медициналық техниканы сатып алуға бөлген жалпы сомасы 900 млн теңгеден асты. Сонымен қатар Қазхром кәсіпорнында тазалау және тамақтану қызметтерін көрсететін мердігер ұйымдар мен үй-жайлардағы бөлмелерге дезинфекцияның күшейтілген режимін енгізді, автобустар мен ауысым жұмыскерлері ауысымда кемінде екі рет ылғал тазарту әр екі сағат сайын жүргізіледі. Филиалдар ай сайын дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етіледі. Бүгінде Қазхромда компания президенті Арман Есенжоловтың төрағалығымен төтенше жағ­дай­дағы іс-шараларға арналған штаб құрылған. – ERG компаниясы, соның ішінде Қазхром да қорғануға қажетті жабдықтарды жедел сатып алды. Сондай-ақ ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылып, барлық ықтимал тәуекелдер талданды. Бүгінгі таңда біз жағдайдың одан әрі өрбуінің әртүрлі сценарийлеріне дайындық режимінде жұмыс істеп жатырмыз, – деді А.Есенжолов. Кеншілер мен металлургтер үнемі тәртіпті сақтаумен, жауапкершілікті сезінумен еңбек етуде. Бұл қасиеттер қиын жағдайды еңсеріп, өткеруге көмектесері сөзсіз. Өндірісте басқаша болуы мүмкін емес. Осы қағиданы ұстанған ұлттық компанияның барлық кәсіпорындары қазір өндірістік процесті ешбір өзгеріссіз жүргізіп, штаттық режимде жұмыс істеуде.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

421 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы