• Өндіріс
  • 30 Сәуір, 2020

Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік мол

Қазақстан ауыл шаруашылығы саласында аграрлық әлеуеті зор өңірлердің бірінен саналады. Осыған орай, «Ferrero» компаниясы өнім шығару үшін орман жаңғақтарын жеткізушілерді таңдап алу мен құн тізбегін жасауға бағдарланған коммерциялық емес «Earthworm Foundation» ұйымымен ынтымақтастық орнатты.

«Ferrero» компаниясы орман жаңғағының ең ірі тұтынушысы болғанына қарамастан, аталмыш компания орман жаңғағының құнын жасау тізбегінің барлық тұрақты өзгерістерін қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді. Таяуда «Earthworm Foundation» қоры «Ferrero» бағдарламасына орман жаңғағын жеткізушілердің жауапты іріктеуі бойынша аудит жүргізді. Осыған орай, Еуропа елдеріне үш мәрте іс-сапар ұйымдастырылды. Бұл негізгі мәселелерді анықтауға және ең үздік әлеуметтік пен ауыл шаруашылығы тәжірибелерін енгізу мақсатында фермерлермен күнделікті жұмыс істейтін құрамында 120 адам бар «Ferrero» бағдарламасын жақсы түсінуге мүмкіндік берді. Төрт күнге созылған іс-сапар Түркияның Шығыс және Батыс аймағында, Қара теңіз жағалауында егін жинау кезеңінде өтті. Осы уақыт ішінде орман жаңғағын жинауға қатысты әлеуметтік мәселелерді терең түсіну мақсатында «Earthworm Foundation» және «Ferrero» компаниясының қызметкер­лері фермерлер, маусымдық жұмысшылар, қызметкерлерді іздеу агенттері, қоныс басшылары секілді жоба қатысушыларымен кездесіп, сондай-ақ жергілікті серіктестермен құн тізбегін жасаушыларымен әңгімелесті. Іс-сапарлар мен кездесулер­дің арқасында халықаралық нарықтағы шикізат жеткізу тізбегінің әлеуметтік мәселе­лерінің бар екені расталды. Сонымен қатар, балаларға арнал­ған білім беру жобалары мен жұмысшылардың өмір сүру шы­ғын­дарын азайтуға бағытталған бас­тамаларына қатысты табысты тәжірибелер үлгі ретінде айтылды. Алынған мәліметтер негізінде орман жаңғақтарының құнын құру тізбегіне байланысты мүмкіндіктерді жүзеге асыруға және мәселелерді шешуге ықпал ететін нақты шаралар ұсынылды. Бұл шаралар үкімет, жеткізушілер, фермерлер және үкіметтік емес ұйымдар секілді «Ferrero» компаниясының орман жаңғақтарының құнын құру тізбегінің негізгі стейхолдерлері­мен қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ әлеуметтік сарапшылар фермерлік шаруашылықтарға барынша қолдау көрсетуді қамтамасыз ете алуы үшін тиімді кешенді шешімдер әзірлейді. Келесі жылы жергілікті мекендерде жаңғақ өсіретін фермерлермен және нарықтың басқа да қатысушыларымен бірлесіп, орман жаңғақтарын жеткізушілерді жауапты іріктеуге көзқарасты пысықтау үшін «Earthworm Foundation» қорымен тығыз ынтымақтастық жалғасатын болады. Бірлескен жұмыс құн жасау тізбегі аумағында экологиялық және әлеуметтік тәжірибелерді үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ету мен анықталған алғашқы мәселелердің алдын алу бағыт­талған баға жасау мен инновациялар идеяларына негізделген. «Earthworm Foundation» қо­рының өндіріс жөніндегі директоры Борис Сарабераның айтуынша, кез келген ауыл шаруашылығы өнімін өндіру жағдайында да орман жаңғағын жеткізу тізбегінде түрлі экологиялық және әлеумет­­тік мәселелер пайда болуы мүмкін. «Басқа барлық мүшелеріміз сияқты біздің рөліміз іс-әрекеттерді бағалауда ғана емес, сонымен қатар жергілікті мекендерде шешімдерді іздеу бойынша тәжірибелік жұмыста да, терең және тұрақты өзгерістерді қамтамасыз етуге қабілетті шараларды айқын түсінуде де маңызды. Біз «Ferrero» компаниясымен ынтымақтастық орнатқанымызға қуаныштымыз және оларды тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылуда қолдауды жалғастырамыз», – деді ол. Алынған ұсыныстар мен қорытындылар негізінде «Ferrero» компаниясы мен «Earthworm Foundation» қоры ортақ игілік үшін саладағы тұрақ­тылықты қамтамасыз ету мақсатында өндірістік ландшафты ауқымды бағалау және басқа қатысушылармен ынтымақтастықты зерттеу үшін бірлескен жұмыстар жүргізетін болады. Сондай-ақ құн жасау тізбегіндегі өзгерістер драйверлері болуы үшін жеткізушілермен байланыс орнатады.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

443 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы