• Өндіріс
  • 07 Мамыр, 2020

Екі қолға бір күрек табылады

Алматы облысында Жұмыспен қамту жол картасын сапалы әрі мерзімінде жүзеге асыру мақсатында жұмыссыздар тізімі жасалып, оған 13 334 мың адам енгізілді. Бұл тізімде жұмыссыз жастар да бар. Сонымен қатар өңірдегі құрылыс колледждерін бітірушілер де жол картасын жүзеге асыру ісіне тартылмақ.

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өткізген селек­­торлық жиында облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов айтты. Б.Байжұмановтың айтуынша, Жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыру мақсатында жасалған жұмыссыздар тізіміндегі 13 334 мың адамның 3 228-і – 29 жасқа дейінгі жастар, ал соның ішінде 1744-і – Алматы қаласы маңындағы аумақтарда тұратын жұмыс­сыз жастар. Өңірде 20 мобильді ре­крут­тық пункттер құрылып, жұмыс істеуде. Солар арқылы Жұмыспен қамту жол картасына қатысты 9 865 адамға кеңес беріліп, 165 адам жұ­мысқа орналастырылды. Қазіргі кезде 175 жобада 2 397 жұмыс орны құрылып, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1 198 адам жұмысқа тұрды. Соның 350-і – Алматы маңындағы елді мекендерде тұратын жұмыссыз жастар. Сол сияқты Жол картасы жобаларының құрылысы мен қайта жаңғырту кезең­деріне облыстағы 5 құрылыс колледжінің 205 бітірушісі де тартылатын болады. Олар­дың қатарында тас қалаушы, жалпы құрылыс жұмыс­тары­ның шебері, ағаш шебері, құрылысшы-ағаш ұстасы, сылақшы, қаңқа қаптау конструкцияларын мон­таж­даушы, әктеуші, техник құрылысшы, гидротехник құрылысшы мамандары бар. Жалпы, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында облыста 22,8 мың адамды жұмыс­пен қамту жоспар­ланған, соның ішінде 1,8 мыңы тұ­рақ­ты жұмыс орны болмақ. Және соның 10,5 мың адамы жұ­мыс­пен қамту орталықтары ар­қылы жұмысқа орналастырылады.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

446 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы