• Өндіріс
  • 14 Мамыр, 2020

Жеңіл өнеркәсіптің жүгі неге ауыр?

Алматы қаласында елімізде жеңіл өнеркәсіпті дағдарысқа қарсы қолдау мәселесіне арналған ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының баспасөз конференциясы өтті.

Басқосу барысында ҚР Же­ңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауым­­дастығының президенті Любовь Худова, «Семи­ра­мида тігін фирмасы» ЖШС дирек­торы Наталья Ахша­­­баева, «MIMIORIKI» ЖШС дирек­­торы Инна Апенко, «ҚазСпо-Н» ЖШС директоры Елена Свеч­никова жеңіл өнеркәсіпті дамыту жайлы өз ұсыныстарын жеткізді. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласында карантинге дейін де қиындықтар болды. Қазір жағдайы одан сайын нашарлай түскен. Белгілі себептерге бай­ла­­нысты сұранысы жоғары азық-түлік пен гигиена құрал­да­рын өндіретін компа­ния­ларға қарағанда жеңіл өнер­кәсіп тауарларын өндіруші­лері өте күрделі жағдайға тап болды. Компаниялар табыс­сыз, ал көптеген жағдай­ларда қайырымдылық ретінде бір­неше реттік қолданыстағы бетпер­­делерді тігуді бастаған. Бөлшек сауда клиентіне арнал­ған киім, аяқ киім және үй то­қыма бұйымдарын шығара­тын кәсіпорындардың саты­лым­дары тоқтады. Себебі дү­кендер 16 наурыздан бастап жабық, ешқандай кіріс жоқ, барлық ақшаға тауарлар сатып алынған, маусымдық тауарлар қоймаларда қалып шығындарға айналды. Барлық қызметкерлер жалақысыз еңбек демалысына шығуға мәжбүр болды. Жеңіл өнеркәсіптің әлеу­мет­тік бағытын ескере отырып, барлық елдер оны қолдайды. Саланың келешегі мемле­кеттік қолдаудың тиімділі­гіне бай­ланысты болады. Жеңіл өнер­кәсіптің одан әрі құлды­рауына және кәсіпорындарының толық тоқтап қалуына жол бермеу үшін көптеген шараларды қабылдау қажет. Осы қиын-қыстау кезеңде мемлекет пен бизнестің бірлес­кен әрекеттері жеңіл өнер­кә­сіпте, әсіресе импортты алмастыруда қол жеткізілген нәтиже­лерді сақтауға көмектеседі деп үмітте­неміз. Бірлескен әре­кеттер соны­мен бірге адам ресурс­тарын үнемдеуге, әлеумет­тік шие­ле­ністердің алдын алуға және дағ­дарыстан шығуға көмек­теседі.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

432 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы