• Атамекен
  • 14 Мамыр, 2020

Ынтымағы жарасқан елдің ырысы артық

Сонау зобалаң жылдарда тағдыр тәлкегімен қазақ даласына келіп, халқымыздың қамқорлығымен елімізден пана тапқан, өсіп-өнген көптеген ұлт өкілдері бүгінде қиындықты бірлесе еңсеруге күш-жігер жұмылдыруда. Бір шаңырақ астындағы халықтың тату-тәтті өмірі мекемелер мен ұйымдарда басталып, әрі қарай ортақ Отанымыздың береке-бірлігімен астасып жатады. Сондай мекеменің бірі – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы филиалы.

Ұжымда жұмыс істейтін қазақ, орыс, ұйғыр, түрік, дүңген, неміс, кәріс ұлтының өкілдері бір атаның баласындай тату-тәтті еңбек етуде. «Береке бастауы бірлік, ұжым­дағы тату тірлік» қағидасын ұстан­ған филиал мамандары бір-біріне қолдау білдіріп, қазіргі кезең қиын­­дығын бірлесе еңсеруге күш салуда. Карантин кезінде қашық­тықтан, бір-бірінен оқшау жұмыс істегенімен, тілегі мен ниеті бір екен­дігін бейнетаспаға жазып жет­кізіп жатады. Мәселен, Әуезов аудандық фронт-офистің маманы, бірінші топтағы мүгедек, орыс ұлтының өкілі Лариса Козина: «Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан өз халқының шынайы достығын қамтамасыз етіп келеді. Өзара түсіністік, ұстам­­дылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етіп отыр. Әрбір ұлт консти­туциялық-құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құры­лымына үйлесті сіңісе білуде. Мен де осынау Отанымның бір бөлшегі ретінде өз орнымды тауып, еңбек етіп жатқаныма өзімді бақытты санаймын. Қолдау көрсетіп отырған ұжымыма алғыс білдіремін», – деп өзінің ақжарма тілегін білдірді. Ал Жетісу фронт-офисінде еңбек ететін түрік ұлтының өкілі Тюркан Бешлиоглы: «1 мамыр – бірлік күні, ынтымақ күні деп мерекелейміз. Біздің мемлекетіміздің түкпір-түкпі­рінде бұл мереке күнделікті сезіледі десе болады. Себебі, елімізде ең бастысы – ұлтқа бөліп емес, адам деп сыйлау, барлық ұлттың құқықтарының бірдей болуы және қандай бастама, ізгі іс болсын басталуына қолдау жасалып, ұлтына қарап емес, іскерлігіне қарай бағаланып жатқандығы. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елде әрқайсымыз қоғамдық келісім мен тұрақты­лықтың сақталуына, еліміздің гүлденіп дамуына өз үлесімізді қосып жатқанымызға қуанамын. Бұл орайда өзім еңбек ететін ұжы­мымды ерекше мақтан тұтаты­нымды, барлық жағдайда бірге екендігімізді жеткізгім келеді», – дей келіп, әріптестерін Қа­зақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады. «Республикамызда тұратын түрлі ұлт өкілдерін бірлік мереке­сімен құттықтаймын! Ең бастысы, ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай», – дейді филиалдың фронт-офис­тері­нің бірінде еңбек ететін ұйғыр ұлтының өкілі Назугум Шардинова. «Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деп тілеймін, – деп өзінің жүрекжарды лебізін жеткізді филиалдың фронт-офис басшысы Алмагүл Атагарова.

НҰРЛАН ҚҰМАР

436 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы