• Өндіріс
  • 14 Мамыр, 2020

ҮМЗ: Отандық серіктестіктің серпінді қадамы

Бизнесте отандық үлесті арттыру мәселесі үкімет пен ірі кәсіпорындар үшін стратегиялық міндет болып табылады. Тек бірлескен іс-әрекет, өзара түсіністік қана қиын кезеңді аз шығындармен еңсеруге игі мүмкіндік береді. Сондықтан жергілікті серіктестікті дамытуға шынайы мүдделілік қашанда басым болуы қажет.

Үлбі металлургиялық зауыты – атом энергетикасы, электронды, металлургия өнеркәсібі және басқа да қызмет салалары үшін әлемдегі ірі уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі екендігі баршаға белгілі.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының құрамына кіретін кәсіпорын Өскемен және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша мәжілістердің тұрақты қатысушысы болып табылады. «ҮМЗ» АҚ «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағ­дар­ламасының басым бағыт­тарының бірі – серіктестікті іске асыру түрінде отандық өндіру­шілерге қолдау көрсете отырып, қазақстандық үлесті дамытуға айтарлықтай үлес қосуда. Жуырда отандық өндірушілерді қолдау серіктестік бағдарламасы аясында «ҮМЗ» АҚ пен Шығыс Қазақстан облысының тауар өндірушілері арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Семей қаласындағы «УК ЮНИС» ЖШС мен Өскемендегі «Каптелина С.Г.» ЖК бекіткен құжатқа сәйкес, «ҮМЗ» АҚ осы жергілікті кәсіпорындардың техникалық регламенттерге және басқа да талаптарға сай тауарлар бойынша ұсыныстарын басымдықпен қарауға міндет алады. Өз кезегінде отандық тауар өндірушілер осындай ынтымақтастықты дамытуға міндеттенеді. Осылайша, шағын бизнес кәсіпорындары зауыт өндірісшілеріне арнайы құрамдас киімдер жеткізеді. Тараптар ынтымақтастығы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуды басқару стандарты аясында жүзеге асырылады. Жалпы, осындай меморандумдар жасау үрдісі 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Бүгінге дейін бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 19 миллиард теңге­­ден асады. 2013 жылдан бері «ҮМЗ» АҚ үшін 150-ден астам серіктес – отандық өндірушілер тауар өндірсе, 850-ден астам қазақстандық серіктестер жұмыстарды орындап, қызмет көрсетіп келеді. Келісім­шарттардың 64%-і – Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындары. «ҮМЗ» АҚ «Қазато­м­өнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ-пен бірге қазақ­стандық серіктестерді тарту мәселелері бойынша жұмыс­ты жалғастыруда. Қазіргі уақыт­та полипропилен өндіру­ші «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-мен ынты­мақтастық мәселесі қарастырылып жатыр. Металлургиялық зауыт сатып алатын қазақстандық тауарлар қатарында: техникалық фильтр маталар, ағаш контейнерлер, ағаш материалдары және трикотаж бұйымдары бар. Бұл өнімдер «Техноткань» тоқыма компаниясынан, «УК ЮНИС» серіктестігінен сатып алынады, сонымен қатар «Эгида» ЖШС, «Риддер ДОК» ЖШС және «Шығыс ШПЗ» ЖШС-мен ұзақмерзімді келісімшарттар жасау жоспарланған. Өткен жылы тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі 46% болды. Металлургиялық өндірістің ерекшелігіне байланысты бұл пайыздар жұмыс пен қызмет көрсету саласындағы көрсеткіштерден ерекшеленеді. ҮМЗ тауарларын сатып алудың жалпы жоспарының 40%-і – Қазақстанда өндірілмейтін шикізат болып отыр. Жұмыстар мен қызметтерге келер болсақ, өткен жылы ҮМЗ-де бұл саладағы қазақстандық қамту үлесі 96%-ті құрады. Серіктестер негізінен құрылыс-монтаждау, жөндеу жұмыстары, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобаларды әзірлеу және түзету, стандартты емес өнімдер шығару бойынша жұмыстарды орындайды. Сондай-ақ қызмет көрсету тұрғысында әріптестер сақтандыру, медицина, теміржол көлігі, өлшеу құралдарын калибрлеу-тексеру, оқыту іс-әрекетін жүзеге асырады.

Ботагөз Әбдірейқызы

436 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы