• Атамекен
  • 04 Маусым, 2020

Онлайн-еріктілік бағдарламасының алғашқы кезеңі

БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) «Ұлттық волонтерлік желісі» ЗТБ-мен бірлесе отырып, АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен COVID-19 таралуының алдын-алу және карантин кезінде жастардың жан-тән саулығын қолдауға бағытталған онлайн-еріктілік бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асырды.

«Пайдасы бар карантин» науқаны аясында жас еріктілер апта сайын әртүрлі тақырыптар бойынша оқытушы вебинарларға қатысады. Атап айтқан­да, каран­тин кезіндегі қауіпсіздік, факт-чекинг және коронавирус туралы жалған ақпаратты анықтау тәсілдері, жан саулығын қолдау, күйзеліске қарсы тұру және тағы басқа та­қырыптар бойынша оқу ба­рысында алған білімдерін айналасындағы адамдармен бөлісу мақсатында жастарға әртүрлі тапсырмалар беріледі. Мысалы, олар әлеуметтік желілерінде «Пайдасы бар карантин» хэштегімен постар немесе бейнелер жариялайды. Аталған науқанды Қазақ­­станның барлық аймақта­рында 14 пен 40 жас аралы­ғындағы 1500-ге жуық жас қолдады. Алдын-ала есеп бойынша, бұл бастаманың арқасында еріктілер бүкіл Қазақстан бойынша шамамен 400 000 адамды қамтуы мүм­кін.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

554 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы