• Өндіріс
  • 18 Маусым, 2020

Экологиялық технологияларды пайдалану – әлемдік тренд

Алматыда жазғы маусымның басталуымен балмұздақты жеткізу қызметі тестіленуде. Тіпті карантиннен кейін де тұтыну нарығы уақыт талабына жауап беруді жалғастыруда. Жаздың аптап ыстығында салқынды қалайтындардың қарасы көп, осы ретте Алматыда үйге балмұздақты жеткізу қызметі іске қосылды.

Еліміздегі балмұздақтың жетекші өндірушісі, «Бомба», «Мишка на полюсе» мен Bahroma сияқты мұз бестселлерлерінің авторы «Шин-Лайн» компания­сы аталмыш қызметті бірден екі арна арқылы таңдауды ұсынады. Wolt өнімді жеткізу сервисімен серіктес бола оты­рып, ұнаған балмұздақ дәміне мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруге мүмкіндік бар. Тұтынушылар 40 минуттан аз уақыт ішінде тапсырысты алып қана қоймай, қазіргі уақытта тек сыйлық ретінде қолжетімді, сирек кездесетін балмұздақ түрі – жүзіммен Bahroma балмұзда­ғының дәмін де тата алады. Қазір балмұздақты өндіру­шінің өзінен, яғни, конвейерден тікелей экожеткізілім де бар. Бұл ретте сіз Инстаграм желісіндегі «Шин-Лайн» парақшасында shinline_kazakhstan немесе кәсіп­орынның ресми сайтында тап­сырыс беріп, бөлшек саудадан төмен бағамен ала аласыз, сонымен қатар қаламыздың эко­логиялық жағдайын жақсар­туға өз үле­сіңізді де қосасыз. Себебі «Шин-Лайн» зама­науи авторефрижераторлары суық аккумуляторлармен жаб­дықталған. Бұл жүйе тұрақ­та тұрған кезде шанақтағы темпе­ратураны минус 45 градусқа дейін төмендете отырып, электр желісінен қуат алады және қала ішіндегі қозғалыс процесінде салқындатқыш қозғалтқышқа қосымша жүктеме жасамай­ды. Осылайша, атмосфераға пайдаланылған газдардың шы­ғарындыларын азайтып, отын шығыны ұлғаймайды.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

362 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы