• Өндіріс
  • 18 Маусым, 2020

ҚазАзот: Жаңғыртудың жарқын әсері

Елімізде аммиак пен аммиак селитрасын өндіруші жалғыз зауыт өзінің жарты ғасырлық тарихында қалыптасу мен дамудың сан қырлы жолынан өтіп, бүгінде алып өндіріс ошағына айналып отыр. Енді ҚазАзот аммиак селитрасы өндірісін жылына 400 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жос­парлауда.

Компания геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, табиғи газ өндіру мен өңдеу, аммиак пен аммиак селитрасын, сондай-ақ олардың туындыларын өндіру және сату сынды негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады. Жылдар бойы жинақталған тәжірибе, енгізілген озық технология­лар кәсіпорынға агроөнеркәсіптік кешен мен тау-кен өндіру саласы үшін жоғары сапалы химиялық өнім шығаруға мүмкіндік берді. Бұған қоса, мемлекеттік қолдау, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы компания дамуына даңғыл жол ашты. Оның шеңберінде әзірленген жаңғырту жобасы арқылы өндіріс жабдықтары кезең-кезеңмен ауыстырыла бас­тады. Бірінші кезеңде аммиак өндіру цехында әсерлік құбырлар мен ТНК-600 пешін қаптамалау, синтез колоннасының саптамалары жаңартылды. Бір жылдан соң зауытты жаңғырту қорытындыларын кәсіпорын ұжымы пайдалануға берілген инвестициялық жоба­лардың тұсаукесеріне арналған ұлттық телекөпірде Елбасына баяндап берді. Сол кезде зауытта сұйық аммиакты, әлсіз азот қышқылын және аммиак селитрасын шығаратын технологиялық желілер қайта жаңғыртылды. Өткізілген іс-шаралар азотты тыңайтқыштарды өндіру көлемін екі есеге арттырып қана қоймай, оның өзіндік құнын төмендету кезінде өнімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. 2012 жылы «ҚазАзот» компаниясы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясы бойынша «Алтын сапа» сыйлығына ие болды. Зауыттың кейінгі дамуы аммиак пен электр энергиясын синтездеу үшін негізгі шикізат – табиғи газдың жаңа сенімді көздерін іздестірумен байланысты. Бұл бағытта ИИДМ бағдарламасы аясында Бейнеу ауданына қарасты Шағырлы-Шөмішті кен орнын игеруге лицензия алынды. Компания жер қойнауын пайдалану құқығын алып, табиғи газды өндіруді жүзеге асыра бастады. Осылайша жеке шикізат базасы дайын өнімнің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетті. Табиғи газ «ҚазАзот» АҚ өнімдерін өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылады. Ұңғымадан өндірілген газ кіретін манифольдтарға және газ сепараторлары арқылы түседі, онда механикалық қоспалар мен сұйықтықтардан тазартылады. Содан кейін шығу манифольдтары арқылы газды ТКА кіретін коллекторына жібереді. Газ сығылып, технологиялық қондырғылар арқылы құбырлармен магистральдық газ құбырына түседі. Газды тасымалдау «Бейнеу» КС 389,5 км қосу нүктесінде «Орта Азия-Орталық» газ тасымалдау жүйесіне қосатын газ құбыры бойынша және «Окарем-Бейнеу» газ құбыры бойынша Ақтау қаласына дейін жүзеге асырылады. Өндірістегі келесі маңызды кезең – модульдік құрылымды тұрақты автоматтандырылған электр агрегаттарын орнатуды көздейтін финдік «Wartsila» технологиясы бойынша жабдықталған меншікті газ-поршеньді электр станциясының (ГПЭС) құрылысы болды. Ол компанияның электр энергиясы мен буға қажеттілігін қамтамасыз етіп, дайын өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне жол ашты. Сондай-ақ осы уақыт аралығында танкілі және үрлемелі газдардан алынған аммиакты кәдеге жарату бойынша жалпы құны 439 млн теңгені құрайтын қондырғы пайдалануға берілді. Заманауи технологиямен тәулік сайын 20-25 тонна қосымша аммиак алуға болады. Сонымен қатар зауытта негізгі өндірістік құрал-жабдықтарға күрделі жөндеу жүргізіліп, ескірген құрал-жабдықтар ауыстырылды. Ауқымды жаңғыртудың арқасында бүгінде барлық жабдықтар толық жұмыс істеуде және зауыт жылына шамамен 330 мың тонна аммиак селитрасын өндіре алады. Жаңа өндірістік нысандар зауытты жеке электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуге, өндірілетін өнім көлемін арттыруға және өндірілетін минералды тыңайтқыштардың сапалық көрсеткіштерін жақсартуға әкеледі. Сұраныс жоғары болғандықтан компания өндірісті жылына 400 мың тоннаға дейін ұлғайту бойынша бағдарлама әзірлеуде. «ҚазАзот» АҚ отандық экономиканың азотты минералдық тыңайтқыштарға деген қажеттілігін толық қамтиды. Қазіргі уақытта ішкі нарыққа өнімнің 65%-і жет­­кізіледі. Өндірілетін өнімнің 35%-і таяу және алыс шетелдерге экспортталады. «ҚазАзот» АҚ өнімі негізінен Ресей, Украина, Қырғызстан, Тү­рік­менстан, Грузия, Әзербайжан елде­ріне шығарылады. Соңғы жылдары әлемде ауыл шаруашылығы қарқынды дамып отырғандықтан ҚазАзот қызметі өндіріс қуатын арттыру жөніндегі басым міндеттерді шешуге, мұнымен қоса әлемдік нарықтарға шыға отырып, өнімнің әр түрін өндіру мен сатуға бағытталуда. Өткен жылы Ақтау қаласында «ҚазАзот» АҚ аумағында 6 375 млн теңге сомасына жаңа жоба – бейтараптандыру және буландыру бөлімшесі іске қосылды. Сонымен қатар 675 млн теңгеге технологиялық ауа үшін жиынтыққа сәйкес ортадан тепкіш ауа компрессорын салу жобасын іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда кәсіпорында 1220 адам еңбек етеді. Сондай-ақ «ҚазАзот» АҚ пен еліміздің техни­калық жоғары оқу орындары арасында компания бөлімшелерінде кәсіби тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу туралы келісім жасалды. Осылайша, студенттер алған теориялық дағдыларын практикалық бөліммен тығыз байланыстыра алады.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

468 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы