• Өндіріс
  • 18 Маусым, 2020

NCOC: Күрделі кезеңдегі күш-жігер

Еліміздегі тікелей шетелдік инвестициялар тартылған ең ірі жоба –Солтүстік Каспий Қазақстан азаматтары үшін жұмыс орындарын ашу және жергілікті компанияларға мүмкіндіктер жасау арқылы экономика дамуына салмақты үлес қосуда. 20 жыл ішінде NCOC компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарындағы әлеуметтік жобаларға 700 миллионнан астам доллар инвестициялады.

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» экономикалық өсу, әлеуметтік даму және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштері қамтылған өткен жылдың тұрақты даму туралы есебін жұртшылық назарына ұсынды. Бірлескен іс-қимыл межеленген жоспарларды ойдағыдай орындауға мүмкіндік берді.

Өткен жылы компания құрлық және теңіз кешендерінде алғаш рет ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізді. Газ айдауға арналған теңіз нысандарының конфигурациясын өзгертудің нәтижесінде жалпы мұнай өндіру көлемі 7%-ке өсті. D аралындағы ұңғымаларды қайта жабдықтау, сонымен бірге EPC-4 аралындағы жоғарғы құрылымдар жобаларының сәтті аяқталуы мұнай өндіру деңгейінің едәуір артуына әсер етті. Осылайша, экспорт көлемі Қазақстан мен NCOC акционерлері алдындағы міндеттемелерде қарастырылған көлемнен жоғары болды. Қазірде Қашаған жобасы компания негізгі құндылық санайтын технологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша әлемдегі ең үздік жобалардың қатарында тұр. Жыл бойы І және ІІ деңгейдегі оқиғалардың мүлдем тіркелмеуі компанияның еңбек қауіпсіздігі саласында айтарлықтай жетістік­тер­ге қол жеткізгенін көрсетеді. Мақсатты нөлдік көрсеткішке жету бағытындағы шаралар үнемі жалғаса бермек. Сонымен бірге NCOC қор­шаған ортаны қорғау саласында да жоғары көрсеткіштерге жетуге талпынуда. Өндірістегі жаңа қондырғылар тұщы су алуды біршама азайтуға мүмкіндік берді. Мұнай өндіру көлемінің ұлғайғанына қарамастан, алауда газ жағу көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен 9%-ке азайды. Энергия үнемдеу және «Жасыл кеңсе» бастамасы үшін марапатқа ие болған компания Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілік саласындағы ашық­тығы бойынша әзірлеген Еуропалық рейтингте екінші орынға көтерілді. Былтыр NCOC жалпы шығын­дарының 50%-інен асатын қаржыны жергілікті кәсіпорындардың әлеуетін арттыруға инвестициялады. Жалпы жобаға инвестициядағы қазақстандық қамту үлесі – 15 миллиард доллар. Атырау мен Маңғыстау облыстарында жүзеге асырылған бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар көптеген адамдарға пайдалы болды. Оның ең тиімді үлгілерінің бірі – шалғай елді мекендерді газдандыру жобасы өңір тұрғындарына көмектесіп қана қоймай, елдегі ұзақмерзімді стратегиялық проблеманы шешуге септігін тигізді. Компания халықтың тұрмыс деңгейін көтеруде көшбасшы бола отырып, жергілікті мектептерге, денсаулық сақтау мекемелеріне, спорт және мәдени ұйымдарға, сондай-ақ түрлі қоғамдық іс-шаралардың жүргізілуіне қолдау көрсетті. Инвес­тициялар ұлттық экономиканың өркендеуіне және адамдардың тұрмыс деңгейін көтеруге тұрақты түрде ықпал етеді.«Қызметіміздің өнім өндіруден бастап жобаларға дейінгі барлық аспектілерінде, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салаларда әлемдік деңгейдегі көрсеткіштерге жетуге ұмтыламыз. Бұл – компанияның Қазақстан, жалпы әлем алдындағы борышы», – деді NCOC басқарушы директоры Ричард Хоув. Қазірде мұнай-газ саласы COVID-19 пандемиясы салдарынан шиеленіскен құлдырауға тап болды. Соған қарамастан компания осы күрделі кезеңде жергілікті қоғамдастыққа көмек көрсетуін тоқтатпады. Компания Атырау қаласының білім басқармасына компьютерлердің соңғы топтамасын жеткізді. NCOC пен Атырау қаласы әкімдігінің өкілдері ресми түрде қорытынды қабылдау актісіне қол қойды. Жалпы алғанда, күнкөрісі төмен отбасыларға 1200 компьютер табысталды. Сонымен қатар Атырау және Маңғыстау облыстарының денсаулық сақтау жүйесін тұрақты қолдау аясында компания қажетті медициналық жабдықтар мен жеке қорғану құралдары топтамасын табыс­тады. Эпидемия кезінде қорғануға арналған 6000 жиынтық, стерилизатор, 3350 жеке қорғану құралдары жиынтығы, қанды сақтайтын мұздатқыш аппараты және тепловизорларды жеткізді. Маңғыстау облысы эпидемия кезінде қорғауға арналған 200 жиынтық, 17 хирургиялық төсек және 1000 литр дезинфекциялау құралын алды. Компания денсаулық сақтау секторына қолдау көрсетуді жалғастырып, жергілікті ауруханаларға арнап үлкен көлемде медициналық тауарларға тапсырыс беруде.

Ботагөз Әбдірейқызы

449 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы