• Аймақ
  • 18 Маусым, 2020

Өңірлер өркендесе – ел дамиды

12-13 маусымда Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы Асқар Мамин Тараз қаласында, бірнеше ауыл-аймақта болып, өңірді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуын бақылады.

Ағымдағы жылдың 5 айында Жамбыл облысының экономикасында тұрақты өсім аңғарылады. Экономиканың барлық дерлік сегментінде оң қарқын байқалады. Атап айтқанда, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы 2,9%-ке, негізгі капиталға салынған инвестиция­лар 2,6%-ке, құрылыс көлемі 8,7%-ке өсті. Бүгінде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», ИИДМБ, «Қарапайым заттар экономикасы», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және басқа да даму бағдарламалары белсенді жүзеге асырылуда. Биыл облыста 550 мыңға жуық шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, 34 сумен жабдықтау нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеу бойынша 23 жоба іске асырылуда, оның ішінде «Тараз қаласынан Қырғызстан шекарасына дейінгі оңтүстік айналма жолы» автожолын салу, өңірлік маңызды «Тараз – Сарыкемер – Түймекент – Ақшолақ», «Тараз – Жетібай – Тегістік – Ойық» автомобиль жолын реконструкциялау жобалары бар. 2020-2025 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысында жалпы сомасы 1051,6 млрд теңгеге 24 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 68,6 млрд теңгеге 114 жоба мақұлданды, оның ішінде 2,2 млрд теңгеге 89 жоба қар­жыландырылды. Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен шамамен 17 мың адам қамтылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 831 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жамбыл облысында ауылда кооперация­­лық тізбекті дамыту жөніндегі «Алаң­нан сөреге дейін» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Ол ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын қысқартуға, бағаны тұрақтандыруға және отандық өндірушілерді қолдауға ба­ғыт­талған. Азық-түлік тауарларын тұрақты сатып алуды қамтамасыз етуге 50 сауда орны мен көтерме-тарату орталығы, сондай-ақ 21 өңдеу кәсіпорны, 45 шаруа қожалығы мен 10 кооператив қатысады. Сонымен қатар ауыл тұр­ғындарының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жоба іске асуда, оның аясында 7,2 млрд теңге сомасына 2478 өтінім қаржыландырылды, облыстың 11 ауылдық округіндегі 7856 аула қамтылды. Биыл Қордай ауданында әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жалпы құны 20,5 млрд теңге болатын 387 жоба жүзеге асырылып жатыр. 268 кентішілік көшелерді және аудандық маңызы бар 4 автожолды қоса алғанда, 350 км-ден астам жол жөнделеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың соңына дейін Қаракемер, Ауқатты, Бұлар батыр, Сортөбе, Масанчи, Қарасу, Өтеген – 7 ауыл газдандырылады. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Қыр­ғызстанмен шекарадағы «Қордай» шекара өткелін реконструкциялау жұмысы жолаушылар ағынын 4 есеге, ал автокөліктің мемлекеттік шекара арқылы өткізу қабілетін 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын биыл желтоқсан айында аяқтау көзделген. Алдағы кезеңде Қыр­ғызстанмен шекарадағы барлық 8 бекет кезең-кезеңмен қайта жөнделетін болады. Сондай-ақ А.Мамин өңірге сапарында Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентінде БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мә­селелері ғылыми-зерттеу инсти­туты жанындағы вакцина шы­ғаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді. Зауыт тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халық­аралық стандарты бойынша иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер, оның ішінде ко­ро­навирус инфекциясына қар­сы вакцина шығаратын болады. Қазіргі таңда Қазақстан ҒЗИ-ның COVID-19-ға қарсы кандидаттық вакцинасы ДДСҰ тізіміне енгізілген және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр. Кәсіпорында пандемиялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, қой шешегіне, құтырмаға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығарылады. Зауыт құрылысы биылғы желтоқсанда аяқталып, жыл сайын онда биофармацевтикалық препараттардың шамамен 60 млн дозасы өндірілмек.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

422 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы