• Атамекен
  • 24 Маусым, 2020

Заманауи үлгідегі қызмет енгізілді

Қазіргі кезде Алматы қаласының ХҚО-ларында бұрынғыдай кезек күтіп тұрған көп адам көрінбейді. Кезек күтушілер өте аз. Бұл ХҚО жұмыстарының жаңа форматының нәтижесінде мүмкін болып отыр. Енді Алматы ХҚО-ларына бару уақыты қатаң реттелген, алдын ала жазылып, белгіленген уақытта бару қажет.

«Азаматтарға арналған үкі­мет» МК КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының PR-мене­джері Жаңыл Апетова атап өткендей, қазір ХҚО тек қана қағаз түріндегі 106 қызмет түрін көрсетеді. Қалған қызметтердің 80% -ін egov.kz порталы арқылы азаматтар өз бетінше электрондық форматта жүзеге асырады. «Үйінде интернет немесе компьютері жоқ азаматтар қызметті ХҚО-дан тыс жерде орналасқан өзіне-өзі қыз­мет көрсету бұрыштарынан элек­тронды форматта ала алады», – дейді Жаңыл Амантайқызы. Онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады, онда ХҚО операторлары кеңес береді. Егер сізге ЭЦҚ алу керек болса, не болмаса порталға бір­реттік жасырын сөз арқылы кіру керек болса, сізден ұялы телефо­ныңыздың мобильді азаматтар базасында тіркелуі талап етіледі. Бұл базада тіркелу өте оңай. Алдымен еgov.kz порталына кіріңіз, оң жақ төменгі бұрыштан «Виртуалды ассистентке» басы­ңыз, камера батырмасына басып, бейнетүсірілімге рұқсат бері­ңіз. Содан кейін байланысқа шыққан операторға жеке куәлігі­ңізді көрсетіп, ЖСН нөміріңізді, телефон нөміріңізді және теле­фонға келіп түскен бір реттік кодты хабарлайсыз. Осылайша тіркеліп, egovkz­bot2.0 телеграм-ботын, egov mobile қосымшасын және проак­тив қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Құжаттандыру сияқты қызмет­тер ХҚО арқылы көрсетіледі, бірақ тек бронь бойынша. ХҚО-ға алдын ала жазылу арқылы келу керек. ХҚО-ға келу уақытын бірнеше әдіспен брондауға болады. Бірінші әдіс – порталда арнайы сервисті пайдалану egov.kz.кезекке қою үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Алдын ала жазылудың онлайн-қызметі телефон нөмі­ріне бірреттік СМС арқылы көр­сетіледі. Бұл үшін электронды-цифрлық қолтаңба қажет емес. мобильдік базада тіркелгеніңізді тексеру үшін электрондық үкімет порталына кіру керек, «сервистер» бағанында «азаматтардың Мо­бильдік базасында тіркеудің болуын тексеру» қойындысын таңдау керек. Содан кейін ЖСН енгізу және жүйе дереу нәтиже береді. Ұялы телефоныңызда телеграм қосымшасы жүктелген болса, мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайсыз. Әрі қарай жүйе мемлекеттік қыз­меттерді алуға ыңғайлы аймақ­ты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады. Барлық қадам­дар жасалған соң қызмет алу­шының ұялы теле­фонына оның ЖСН, таңдал­ған ХҚО мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms-хабар­лама келеді. Алдын ала кезекті брондау­дың тағы бір әдісі – 1414 Сall-орталығына хабарласу, қоңы­рау шалу тегін. Бұл опция элек­трондық үкімет порталын пайда­лана алмайтын қарт адамдар үшін өте қолайлы. Егер адам әлі мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болса, алдымен Сall-орталығының операторларына тіркелу туралы өтініш беру керек. Әрі қарай адамға ХҚКО-ға бару уақыты айтылады, телефонға сәйкес СМС-хабарлама келеді. Қызмет алушылар ХҚО-ға кезекті eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен де брондай алады.Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Әрі қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таң­дауды ұсынады. Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms-хабарлама келеді. Қызмет алушы белгіленген уақыттан 15 минут бұрын келіп, 1414-тен түскен СМС-хабар­ла­ма­ны көрсетуі керек. Алматы қаласының бар­лық ХҚКО-ларында жеңілдік­тері бар азаматтар үшін терезе қарастырылған. Қосымша жеңілдікті санаттарына барлық топтағы мүгедектер, зейнеткер­лер мен көпбалалы отбасылар жатады.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

448 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы