• Атамекен
  • 24 Маусым, 2020

Қазақстан қауіпсіздігі – басты назарда болуға тиіс

(Соңы. Басы өткен санда)

Оның үстiне Қазақстанға берiлген қауіпсiздiк кепiлдiгi де бос сөз болып шықты. Оның дәлелi – Қазақстанның өткен екi жыл бойы Орталық Азияға оңтүстiктен төнетін потенциалды қауіпті ескере отырып, қорғаныс саласы бюджетiн бiраз ұлғайтуға, яғни тағы да қосымша шығын көтеруге мәжбүр болғандығы.

Қазiр ол 1,6 миллиард доллардың төңiрегiнде. Бұл Тәжікстан, Қыр­ғызстан сияқты елдердiң бүкiл мемлекеттiк бюджетiмен салыстыруға келетiндей ақша. Оның өзi де жеткiлiксiз болатын түрi бар. Сон­дықтан алдағы жылы қорғаныс шығыны одан бетер артпақ. Демек, саяси қауіпсiздiктiң те, экологиялық қауiпсiздiктiң де бүкiл ауыртпалығы ядролық қарудан бас тартуға барған Қазақ­станның өз мойнына жүктелiп отыр. Әрине, бұл дұрыс емес. Қазақстан қорғаныс шығынын бекерден-бекер арттырғалы жатқан жоқ. Бүгінде халықаралық жағдай күрделі. Бұндай тұжырымның дәлелін мынадан көруге болады. Батыстық сарапшы Эдвард Кавано өзінің мына бір мақаласында («The Next Global Trouble Spot is Central Asia» — «Орталық Азия – кезекті шиеленіс ошағы», Huffington Post) былай деген: «В такое время, когда Центральная Азия сталкивается с разнообразным набором сложных проблем, которые подвергают риску самую ее стабильность, разворачивается большая геополитическая борьба за регион». Оның үстiне исламшылдар қауiп­­­сiздiгi тағы бар. Бұл тұрғыдан да Қа­­зақ­станның ұтылып қалғаны – таза шындық. Пакистан 1998 жылы ядролық державаға айналды. Пакистан мен Үндiстан арасының қашанда нашар болғаны белгiлi. Ендi, мiне, Батыстың әскери сарапшылары Исламабадтың ядролық қаруының исламшыл экстремистер қолына түсу қаупi бар екенiн және бұндай жағдайда Үндiстанның қатерлi жағдайдың алдын алу мақ­сатында шұғыл шараларға баруы мүмкiн екенiн қарастырып отыр. Демек, Орталық Азия аймағына тiкелей ядролық қауiп төнiп тұр. Ядролық қоқан-лоқыға тек ядролық қарымта қайтару мүмкiндiгi негiзiнде ғана қарсы тұруға болады. Ал Қазақстан одан өз еркiмен бас тартқан. Рас, Америка Құрама Штаттары ядро­лық қаруды жою және бұрынғы әскери өндіріс орындарын бейбіт мақ­саттағы өнім шығаруға арналған қайта құру жұмыстары үшін Қазақ­станға 170 миллион доллар береді. Бірақ бұл көп ақша емес. Ендi мына бiр қызыққа қараңыз. 1992 жылы Қазақстан ядролық қарудан бас тартты. 1996 жылы Пакистан мен АҚШ тарапынан қолдау тапқан Талибан қозғалысы Кабулды басып алып, Ауғанстанның басым күшiне айналды. 1998 жылы, жоғарыда айтылғандай, Пакистан ядролық державаға айналды. АҚШ оған осынысы үшiн эмбарго жариялады. Талибанның қол астынан пана тапқан Өзбекстан ислам қозғалысы (ӨИҚ) 1999 жылы Қырғызстанға, 2000 жылы Қыр­ғызстан мен Өзбекстанға шабуыл жасады. Осы 2 мемлекеттiң екеуi­мен де мәңгi достастық туралы ке­лi­сiмшарт жасасқан Қазақстанға да қауiп төндi. 2001 жылдың жазына таман Талибан территориясында орналасқан Өзбекстан ислам қозғалысы (ӨИҚ) атын өзгертiп, Түркiстан ислам қозғалысы (ТИҚ) ретiнде қайта құрылды да, ендi өзiнiң әрекетiнiң Қазақстан мен Шыңжаңды да заңды түрде қамтитынын жария еттi. Басқаша айтқанда, ол сол кездегі ресми Астанаға да соғыс жариялады. Осы фактiлердi қарабайыр жүйеге келтiрсек, Қазақстанды ядролық қарудан бас тартуға мәжбүр етiп, сөз жүзiнде қауiпсiздiк кепiлдiгiн берген басты күш АҚШ iс жүзiнде 2001 жылы Қазақстанға жарияланған соғыстың артында тұрған болып шығады. Және де ендi бұны ешкiм де терiске шығара алмайды. Бұл жердегi мәселе – АҚШ-тың Қа­зақстанға жамандық ойлайтынында емес, оның бiздiң елiмiз алдында алған өзiнiң жауапкершiлiгiн факт жүзiнде ешбiр мойындағалы отырмағанында. Оның басқа айтқа­нының бәрi артында еш нақты мағынасы жоқ тек жай сөздер ғана. Бұл да – бұлтартпас факт. Қазiргi заман Қазақстаннан оның өзiне-өзi бас бола алатын­дығын дәлелдеудi талап етiп отыр. Ал бiздiң кейбiр саланың басшылары сыртқы қысымға тиiстi түрде қарсы тұрудың орнына сол сырттағыларға қайтадан сол iштегi халықтың есебiнен жақсы атты боламын деп сабылып жүр. Үздiксiз компромистер саясатының бiр үлкен кемшiлiгi бар. Оны жүргiзiп жүргендердiң бiр күнi шегiнетiн жерi қалмайды. Оған дейiнгi сынның бәрi халықтыкi. Ал ондай кез келгенде, сын сағат әлгiдей сая­сатшылар үшiн туады. Осыны олар­дың естен шығармағаны ләзiм.

Аққали КӨПТІЛЕУОВ

576 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы