• Бизнес & Қоғам
  • 01 Қараша, 2012

Журналист беделі - жауапкершілікте Мақпал САҒЫНДЫҚ

Жуырда Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығының» ғимаратында Қазақстан журналистерінің этикалық Кодексін қабылдау жөніндегі отырыс өтті. Аталмыш құжаттың жобасы Қазақстан Журналистер одағы Бас редакторлар клубымен және еліміздің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесе әзірленді. Кодекс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласының 18-тапсырмасының 2-пунктінде айтылған ұсынысқа сәйкес әзірленді.

Жиынға республикалық мерзімді басылымдардың бас редакторлары, телеарналар  мен ақпараттық агенттіктердің басшылары, сондай-ақ, Қазақстан Журналистер одағының аймақтағы филиалдарының жетекшілері қатысты. Журналистер одағының басшысы С.Б. Матаев пен Бас редакторлар клубының президенті К.М. Жолдыбайдың төрағалығымен өткен отырыста бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен тәуелсіз журналистер сөз сөйледі. Кездесу барысында С. Матаев еліміздің барлық аймақтарында талқылаулар өткізіліп, журналистер тарапынан Кодекстің мазмұны мен тұжырымдық бағдарлары бойынша нақты ұсыныстардың қабылданғанын атап өтті. Жалпы алғанда, 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 500-дей журналист ат салыса қатысқан.

Осы орайда Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай әріптестерімізді аталмыш Құжаттың қабылдануымен құттықтады. Құттықтауда былай делінген:

– Мен Қазақстан журналистерін тарихи оқиға – Қазақстан Республикасы журналисінің этикасы кодексінің қабылдануымен құттықтаймын. Кодексті жасау идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында айтқан болатын. Кодексті әзірлеу және қабылдауға дейінгі одан арғы жұмысты Бас редакторлар клубының қолдауымен Қазақстан Журналистер одағы өз мойнына алды. Құжаттың мәтіні бүкіл ел бойынша журналистер арасында кеңінен талқыланды. Бұл орайда халықаралық тәжірибе, ЕҚЫҰ сияқты және басқа да ұйымдардың материалдары мұқият зерделенгенін білемін.

Бұл Кодекске қол қойылуы саланы дамытудың сапалы жаңа кезеңі басталуы деп бағалауға мүмкіндік береді және қазақстандық журналистиканың жоғары корпоративтік рухының куәсі болып табылады. Кодекстің қазақстандық журналистиканың басты кәсіби-этикалық ұстанымдарын нығайтуға бағытталғаны қуанышты.

Кездесу қорытындысында Кодексті қабылдау және іс-шараға қатысушылардың қол қою рәсімі өтті. Жиынға қатысушылар Кодекстің ең әуелі этикалық құжат екендігін және оны сақтауға, мәжбүрлеуге ешкімнің құқығы жоқ екенін баса айтты. Бұл әрбір БАҚ қызметкерінің ерікті ықыласы болып табылады. Құжаттың толық мәтіні Қазақстан Журналистер одағы және Бас редакторлар клубының ресми сайттарына орналастырылды.

414 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы