- Өндіріс
- 16 Шілде, 2020
Инновациялық өнім – дамудың кепілі

«Филип Моррис Қазақстан» құрамына кіретін Philip Morris International Inc. жаһандық компаниясы (PMI) 2019 жылғы алғашқы біріктірілген есебін жариялады. Есеп компанияның түтінсіз болашақ жолындағы прогресін көрсетеді, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік жауапкершілік саласы бойынша кешенді шолуды қамтиды.
Есепке сәйкес, 2019 жылдың соңында әлемде темекіден бас тартқан және инновациялық түтінсіз PMI өнімдеріне, атап айтқанда IQOS темекіні қыздыру жүйесіне көшкен 9,7 миллион адам болды. Бұл көрсеткішке Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) құрамына кіретін елдерден 3 миллион адам, оның ішінде Қазақстан да кірді. Нақты айтқанда, біздің елімізде 200 мыңнан астам кәмелеттік жастағы шылым шегушілер дәстүрлі темекі тартудан бас тартып, тәуекелі төмен баламалы өнім пайдасына таңдау жасады. 2016 жылы PMI өз бизнесін трансформациялау туралы жариялап, өршіл мақсат қойды, яғни темекі өндіруден толықтай бас тарту мен оларды жану процесінсіз инновациялық өнімдермен алмастыру, осы қасиеттерінің арқасында олар кәмелетке толған шылым шегушілер үшін темекіге үздік балама болып табылады. Содан бері компания белгілі жетістіктерге қол жеткізіп, таңдалған бағыттың дұрыстығын бекітті. Атап айтқанда, PMI бүкіл әлем бойынша 600-ден астам сигарет атауын сұрыптамадан алып тастады және темекіні қыздыру жүйелерінің портфелін 400-ден астам атауға дейін кеңейтті. 2019 жылы компанияның дәстүрлі темекі өнімдерінің көлемі 732 миллиард темекіге дейін төмендеді, осы көрсеткіш 2016 жылы 845 миллиард темекіні құраған болатын, бұл ересек шылым шегушілердің түтінсіз өнімдерге көшу деңгейін ішінара көрсетеді. PMI өз ресурстарын темекі шегумен байланысты аурулардың пайда болуының себебі есептелетін жану процестерін болдырмайтын өнімдерді әзірлеуге, ғылыми негіздеуге және жауапты коммерцияландыруға шоғырландырады. 2019 жылы компанияның инновациялық әзірлемелер мен зерттеулерге арналған шығындары 465 миллион АҚШ долларын құрады және бұл қаражаттың 98 пайызы түтінсіз өнімдерді зерттеуге бағытталды. «Біз шылым шекпеу туралы өз міндеттерімізді 2016 жылы жариялағаннан бері, трансформация мен бизнесіміздің әр аспектісінде ұйымдық мүмкіндіктер мен тұрақты дамудың интеграциясы тұрғысынан үлкен прогреске қол жеткіздік. Біздің компаниямыздың қоғамға ұсынатын үздік шешімі темекіні зиянды баламаларға ауыстыру екенін PMI-де барлығымыз түсінеміз. Бұл біздің корпоративтік стратегиямыздың және тұрақты даму саласындағы басымдықтарымыздың негізінде жатыр», – деп атап өтті PMI бас директоры Андре Каланцопулос. Компанияның болжамына сәйкес, қоғамды сауатты мемлекеттік қолдау мен ынталандыру жағдайында әлемнің көптеген елдерінде темекі сату 10-15 жыл ішінде тоқтауы мүмкін. Сондай-ақ есепте 2025 жылға қарай компанияның 40 миллионнан астам ересек шылым шегушіні өзінің инновациялық өнімдеріне ауыстыруға ұмтылысы көрсетілген, ал оның жартысы ЭЫДҰ-ға кірмейтін елдерден болмақ. Темекі түтінінсіз әлем шындыққа айналуы мүмкін – компанияда бұған сенімді және COVID-19 пандемиясымен шартталған әлемдегі қиын жағдайға байланысты жаңа тәуекелдерге қарамастан, өз бизнесін трансформациялаудың таңдалған жолын ұстануға ниетті.
ГҮЛНАЗ ТҰРАБАЙ

367 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *