• Атамекен
  • 16 Шілде, 2020

Азық-түлік бағасы 11,1% өскен

Баға азық-түлік тауарларына бір жылда (2020 жылғы маусым – 2019 жылғы маусым) 11,1 пайызға өсті. Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жемістер, картоп, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант, жаңа жиналған көкөністер арзандады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баспасөз қызметі.

2020 жылғы маусымда жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасына орташа баға килограмына 375 теңгені (2019 жылғы маусымда – 242 теңге), күрішке 373 теңгені (350 теңге), сұлы жармасына – 371 теңгені (340 теңге), сөкке 366 теңгені (318 теңге) құрады. Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы маусымда килограмына 208 теңгені, 2019 жылғы маусымда 240 теңгені құрады. 2020 жылғы маусымда ет және ет өнімдерінен сиыр етінің жауырын-төс бөлігіне орташа баға килограмына 1900 теңгені (2019 жылғы маусымда – 1636 теңге), сүйегі бар қой етіне – 1910 теңгені (1583 теңге), сүйегі бар жылқы етіне – 2195 теңгені (1855 теңге), шошқа етінің жауырын бөлігіне – 1553 теңгені (1370 теңге), шала ысталған шұжыққа – 2250 теңгені (2087 теңге), тауықтың сан етіне 839 теңгені (779 теңге) құраған (таблица). Ескертпе: тамақ өнімдерінің бағасын тіркеу меншіктің барлық нысанындағы сауда кәсіпорындарының іріктеме желісі бойынша және Қазақстанның ірі қалаларындағы қалалық базарларда жүзеге асырылады. Республика бойынша орташа баға деңгейі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалалары, облыс орталықтары және аудандардың іріктелген шеңберінің баға деңгейінен салмақталған шамасы ретінде анықталады.

ИСА ҚАМБАР

580 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы