• Өндіріс
  • 16 Шілде, 2020

Отандық препараттар шығару ұлғаюда

Дәрі-дәрмек шығару соңғы жылдары байыпты өрістеп, соның ішінде отандық препараттар өндірісін ілгерілету оңды жалғасын табуда. Бұл туралы өткен аптада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержановтың қатысуымен өткен брифингте кеңінен әңгіме болды. Онлайн шарада дәрілік заттар мен өкпені жасанды желдету аппараттарын өндіру, сондай-ақ жеке қорғаныш құралдарын өндіру барысы да баяндалды, деп хабарлайды ведомство Баспасөз қызметі.

Осы брифинг барысында Аманияз Ержанов журналистерге ыстықты түсіретін және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің отандық өнді­рушілері туралы, сондай-ақ медициналық бетперделер шығаратын төрт жаңа кәсіпорынның іске қосылуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Вице-министрдің айтуынша, бүгінде елімізде фармацевтика бағытында 89 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде дәрілік заттарды өндіру бойынша – 33, медициналық мақсаттағы бұйымдар – 41 және медициналық техника өндірісі бойынша – 15. Дәрілік заттардың негізгі өндірісі Алматы мен Шымкент қалаларында, Алматы облысында орналасқан 10 кәсіпорында, сондай-ақ бір кәсіпорыннан Қарағанды облысы мен Ақтөбе қаласында жүзеге асырылуда. Отандық кәсіпорындар 1000-ға жуық дәрі-дәрмек шығарады екен, олардың ішінде жедел респираторлық ауруларды және олардың асқынуларын (бронхит, пневмония) емдеуге бағытталған вирусқа қарсы, қабынуға қарсы дәрілік препараттар мен антибиотиктер де бар. Ыстықты төмендететін және вирусқа қарсы препараттардың негізгі өндірушілері: «Нобел АФФ» АҚ және «Глобал Абди Ибрахим» ЖШС, «Эйкос – Фарм» ЖШС, «Фарм Ақтөбе» ТК және «ВИВА ФАРМ» ЖШС. «Қазіргі уақытта министрлік ішкі нарықты өз өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жеке қорғану құрал­дарын өндіру қуатын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Бүгінде тоғыз отандық кәсіпорын тәулігіне 490 мың дана бетперде өнді­ре алады. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, 6 айға есеп бойынша маскаларға қажеттілік денсаулық сақтау жүйесі және мемлекеттік органдар үшін 111,2 миллион дананы құрайды. Бұл қажеттілікті қана­ғаттандыру республиканың барлық өңірлерінен медици­налық маскалар мен тігін кәсіпорындарының жұмыс істеп тұрған өндірістерінің көлемін ұлғайту, сондай-ақ төрт жаңа өндірісті іске қосу есебінен медициналық және профилактикалық қорғаныш маскаларын шығару тәулігіне 1,1 миллион данаға дейін жеткізілді», – деді Аманияз Ержанов өз сөзінде.

Сонымен қатар, вице-министр бүгінде Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктерімен өкпені жасанды желдету аппараттарының өндірісін ұйымдастыру, өкпені жасанды желдету аппараттарын өндіруді қаржыландыру­дың жеңілдетілген тетігі және өңірлер бойынша жеткізу үшін қажетті өкпені жасанды желдету аппараттарының нақтыланған тізбесін анықтау бойынша бірлескен жұмыстың жалғасып жатқандығын атап өтті. 3 000 бірліктегі өкпені жасанды желдету стационарлық аппараттарына болжамды қажеттілікті ескере отырып, біздің өндірушілер оны жыл соңына дейін айына 550 бірлік есептік орташа өндірістік қуатпен жабады. Алғашқы 50 өкпені жасанды желдету аппараты осы айда жеткізілетін болады екен. Шілде айының соңына дейін «Тыныс» АҚ Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге 270 өкпені жасанды желдету мобильдік аппаратын жеткізеді. Кәсіпорынның айына 500-ге дейін өкпені жасанды желдету аппаратын шығаруға мүмкіндігі бар. Бұдан басқа, біздің автоөндірушілермен бірлесіп жедел жәрдем машиналарын мобильді аппараттармен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, қазақстандық кәсіпорындар қосымша қажеттіліктерді ескере отырып, жыл соңына дейін 4 930 стационарлық және 2 695 өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарын шығара алады. Сонымен қатар, брифинг барысында Аманияз Ержанов 2020 жылдың бірінші жарты­жылдығындағы фармацевтика саласының қорытындылары туралы айтып берді. Фармацевтика саласында НКИ өндірісі көлемінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123,6 пайызға өсуі байқалады. Осылайша, 2020 жылдың қаңтар-маусымында отандық кәсіпорындар 58,5 млрд теңгеге дәрілік заттар, маскалар – 65,0 млн данадан астам, қолғаптар – 60 миллион жұп және 2,0 миллионға дейін қорғаныш костюмдерінің жиынтығын шығарды, сондай-ақ өңірлер мен Денсаулық сақтау министрлігіне 410 бірлік ЭЖЖ аппараты жасалып, жіберілген.

Исатай ҚАМБАРОВ

418 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы