• Атамекен
  • 23 Шілде, 2020

Саумал мен шұбат Қытай нарығында үлкен сұранысқа ие

Қытай нарығында Қазақстаннан құрғатылған ұнтақ ретінде келетін бие саумалы мен түйе сүтіне қызығушылық арта түскен. Осы ретте «ҚазАқпарат» ХАА оқыр­ман назарына ұсынған Қы­тайдың Синьхуа ақпарат агент­тігі жариялаған мақаланың бірінде Қарағанды облысындағы түйе және жылқы сүтінен құрғақ өнім­дер шығаратын «Еуразия Инвест ЛТД» компаниясы туралы айтылады. Өңірде бие сүтінен ұнтақ өндіретін зауыт 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Былтыр түйенің құрғақ сүтін шығаруды игерді. Кәсіпорын жылына 60 тонна түйе сүті талқаны мен 60 тонна жылқы сүті талқанын өндіре алады. «Біз былтыр «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығына 609 млн теңгенің өнімін саттық. Бұл көрсеткіш биыл артады деп үміттенгенбіз. Бірақ қаңтар айында шекара жабылып, осы күнге дейін Қорғастың сауда алаңы жабық болды. Сондықтан өндірісті сертификаттап, рұқсат рәсімдеп, маусым айының басында 7000 қалбырдағы көлемі 3,5 тоннадан асатын Saubota құрғақ түйе сүтінің бірінші партиясы Ганьсу провинциясының Ланьчжоу қаласына жөнелтілді. Осылайша, қазақстандық өнімнің Қытайға экспортталуының ресми бастамасы жүзеге асырылды. Осы сәтті біз 5 жыл күттік. Қытай нарығына кіру өте қиын болғандықтан, үлкен жұмыс жүргізілді», – дейді «Еуразия Инвест ЛТД» ЖШС бас директоры Қадырбек Мейрамбеков. Қарағандыдан биыл 5 маусымда жөнелтілген түйе сүтінің ұнтағы 6 маусымда Қорғас портына келіп, 8 күннен кейін Ланчжоу кешенді кеден аймағына жеткізілген. «Түйе сүті С, В дә­ру­мендері мен адам ағзасына қажет көптеген қанықпаған май қышқылдарына бай. Оның құра­мында аллергендер жоқ, жоғары қоректік мазмұн мен жақсы дәм бар, осындай ерекше ингредиенттер оны жаңа премиум сусынға айналдырады», деп жазады түйе сүтін «шөлдегі алтын» және «сүттегі қазына» деп бағалаған қытайлық БАҚ. Қазақстандық өнімді ҚХР-ға импорттаушы Халықаралық сауда шекті серіктестігінің жауапты қызметкері Каң Куей алғашқы сауда айналымы пандемияға және құжат жұмыстарына байланысты бірнеше айға созылғанын, бүгінде екі тараптың жемісті жұмысының арқасында барлық қолайсыздықтар еңсеріліп, үйлесімді айналым жобасы бекі­тілгенін айтады. Қытай кедендік статистика деректеріне сәйкес, былтыр бұл ел жалпы 1,36 млн сүт талқанын импорттаған. Бұл 2018 жылғымен салыстырғанда 20,8%-ға артық. Импорттың жалпы сомасы 8,3 млрд АҚШ долларын құрады, жылдық өсім 15,5% болды. Індет өршіген биылғы төрт айда құрғақ сүт өнімдері импортының өсуі жалғасып, 3,1 млрд долларға жеткен. Былтырғы сәйкес мезгілмен салыстырғанда 5,5% артқан. Қазақстандық сүт индустрия­сының Қытай нарығына шығуы – бизнесті дамыту үшін үлкен мүмкіндік. Қарағандылық кә­сіпкер ұлттық бағалы өнімнің Қытай нарығына шығу перспективасына толық сенімді.

Бекет Көкенайұлы

478 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы