• Өндіріс
  • 30 Шілде, 2020

«Еңбек» бағдарламасы қалай жүзеге асырылады?

Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде президент Қ.Тоқаев халыққа экономиканы, шағын және орта бизнесті, қазіргі күрделі жағдайларда бүкіл мемлекет тұрғындарын қолдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмаларды жолдады. Маңызды мәселелердің бірі – тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және еңбекке орналастыруды қамтамасыз ету болып отыр, бұл мемлекеттің ерекше бақылауына алынған, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған.

Мемлекеттік бағдарлама еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, еңбек ресурстарын қайта даярлау, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылдық елді мекендерде шағын кредит беруді кеңейту, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру сияқты бірқатар міндеттерді қамтиды. Ағымдағы жылдың 6 айында 283 мың адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды, оның ішінде 217,6 мың адам жұмысқа орналастырылса, 102,6 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды. 118 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды, оның ішінде 15 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 14 мың адам жастар практикасына, 89 мың адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында үстіміздегі жылдың 1 шілдесіндегі деректер бойынша жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден 3019 адам, яғни 853 отбасы қоныс аударды. 2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қысқа мерзімді оқу курстарына 7,2 мың адам жіберілді, оның ішінде 342 адам оқуды аяқтап, 148 адам жұмысқа орналастырылды. Жалпы, жыл соңына дейін бұл шарамен 18,8 мың азаматты қамту жоспарланып отыр. Мемлекеттік бағдарлама аясында жыл басынан бері жаппай кәсіп­­керлікті дамыту үшін 17,6 млрд теңге сомасына 3 931 микрокредит берілді, оның ішінде 4 115 жұмыс орнын ашқан ауылдық кәсіпкерлерге 14,6 млрд теңгеге 3 687 микрокредит берілді. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында шағын несиелендіруді 2020 жылға дейін қаржыландыру көлемі 54,2 млрд теңгені құрайды, оның 79,9%-ы (43,3 млрд теңге) ауылдық жерлерге және 20,1%-ы (10,9 млрд теңге) қалалық жерлерге тиесілі. Сондай-ақ бағдарламаға қатысу­шыларға жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 200 АЕК мөлшерінде 24 мыңнан астам мемлекеттік грант беріледі. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша 10,8 мың грант бөлініп үлгерді. Бұдан тыс, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 30 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Төтенше жағдай режимі кезінде президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша халықты жұмыспен қамтудың негізгі құралы жаңа «Жұмыспен қамтудың жол картасы» (ЖҚЖК) болмақ, оны жүзеге асыруға 1 трлн теңге қарастырылған. Бағдарламада 7 мыңнан астам жоба қамтылады. Олардың 300-ден астамы жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін өнімді, перспективалы жобалар болып табылады. Жол картасының негізгі мақсаты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру және табыстың болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ облыстың елді мекендерінің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасау болып табылады. Премьер-министр Асқар Мамин бүгінгі күні ел үкіметінің басым міндеті азаматтарды жұмыспен қамту екенін атап айтқан еді. Жаңа «Жұмыспен қамтудың жол картасын» қаржыландыру жобаларды іске асыру кезеңінде уақытша жұмыспен қамтуды ғана емес, тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтитын 240 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ЖҚЖК аясында жергілікті атқарушы органдар 4 негізгі бағыт бойынша 6696 жобаны іске асыру үшін іріктеп алды: әлеуметтік-мәдени нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысы; тұрғын үй-коммуналдық нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысы; инженерлік-көліктік инфрақұрылым нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысы; елді мекендері аббаттандыру. ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90% тауарлары мен қызметтерін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып табылады. Қызметкерлердің кемінде жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалданатын болады, жұмыссыз жастарға басымдық берілетін болады. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге тиіс. Ағымдағы жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша өңірлерде 6295 жоба бойынша жұмыс басталды, 148 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның ішінде 77 мың халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы. ЖҚЖК шеңберінде барлығы 255 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл ретте ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын ашуға негіз болады. Еске салайық, 14 мамыр күні ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес Жол картасына келесі өзгерістер енгізілді: жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, медициналық тексеру, қызметкерлерді жинау және жұмыс орнына дейін тасымалдау үшін мобильді рекрут пункттерін ұйымдастыруды қамтамасыз етуі тиіс; инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтары жіберген, басқа елді мекендерден келген жұмыссыздарға ең төменгі екі жалақы мөлшерінде біржолғы материалдық көмек («көтерме») тиесілі, ол тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген. Бұдан басқа, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Жұмыспен қамту жол картасын іске асыруға жауапты ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссия отырыс­тарының шеңберінде өңірлер және республикалық бюджеттік бағ­дар­ламалар әкімшілері бөлінісінде қаржыландыру лимиттерін айқын­дау бойынша ұсыныстар әзір­ленді, Жол картасы шеңберінде инфра­құрылымдық жобалардың тізбесі қаралды және бекітілді.

Исатай Қамбаров

379 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы