- Цифрлы Қазақстан
- 06 Тамыз, 2020
Жаһандық экономикалық дағдарысқа қалай қарсы тұра аламыз?
«Microsoft» корпорациясы кәсіби дағдылар саласындағы жаңа жаһандық бастаманы жариялады. Ол бүкіл әлем бойынша 25 миллион адамға осы жылдың соңына дейін сандық дағдыларды меңгеруге көмектеседі.
Бұл COVID-19 пандемиясынан туындаған жаһандық экономикалық дағдарысқа жауап ретінде жасалмақ. Сандық дағдылардың қолжетімділігі – экономиканы қалпына келтіруді жеделдетудің маңызды қадамы, әсіресе жұмыс орнын жоғалтудан зардап шеккендер үшін берілмек. Егжей-тегжейлі сипатталған бұл бастама қажетті лауазымға орналасу үшін біліктілікті өзгертуге ұмтылушыларға көмек көрсету үшін шұғыл шараларды қамтиды және компанияның барлық бөлімшелерін, оның ішінде LinkedIn, GitHub және «Microsoft»-тың қолданыстағы және жаңа ресурстарын біріктіреді. Жоғары сұранысқа ие дағдылар мен жұмыс орындарын түсіну үшін деректерді пайдалану жақсы мансаптық мүмкіндіктерге әкелуі мүмкін. Қажетті жұмысқа орналасу мақсатымен дағдыларды дамытуға көмектесу үшін 2020 жылдың соңына дейін тегін оқуға және Microsoft, LinkedIn және GitHub тегін контентіне қол жеткізу. Жыл соңына дейін салада танылған сертификаттарға арзан қол жеткізу және дағдылар мен сертификаттар алғаннан кейін адамдарға жұмысқа орналасуға көмектесетін тиімді құралдарға тегін қол жеткізу. «Microsoft» бүкіл әлемдегі коммерциялық емес ұйымдарға 20 миллион АҚШ доллары көлемінде ақшалай грант түрінде қолдау көрсетеді, олар мұқтаж адамдарға, оның ішінде табысы, білімі төмен адамдарға және азшылық өкілдеріне көмектесу үшін. Бұл жалпы соманың төрттен бір бөлігі (5 млн. АҚШ доллары) АҚШ-тағы түрлі-түсті қауымдастықтармен жұмыс істейтін 50 қоғамдық коммерциялық емес ұйымдарға ақшалай гранттар түрінде берілетін болады. Компания сондай-ақ, LinkedIn Economic Graph деректерін қоса алғанда, бүкіл әлемдегі мемлекеттерге қолжетімді, жергілікті экономикалық қажеттіліктерді жақсы бағалау үшін неғұрлым сенімді деректер мен аналитикалық материалдарды ұсынуға міндеттенеді. «COVID-19 денсаулық сақтау саласында да, экономикада да дағдарыс туғызды, және әлем әлі қалпына келе жатқандықтан, біз ешкімнің артта қалмауын қамтамасыз етуіміз керек. «Microsoft» ресурстарын, оның ішінде LinkedIn және GitHub, адамдардың жаңа дағдыларды қалай үйренетінін және қолданатындығын қайта қарау үшін және COVID-19 байланысты жұмыссыздыққа тап болған 25 миллион адамға болашақта жұмысқа дайын болуға көмектесу үшін жинаймыз», – деп атап өтті Microsoft бас директоры Сатья Наделла. «Бірнеше ай ішінде COVID-19 он жыл бұрын болған үлкен рецессияның ауқымынан әлдеқайда жоғары жұмыс орындарын жоғалтуға себеп болған сұраныстың сілкінуін тудырды, – деп атап өтті Microsoft президенті Брэд Смит. – Экономиканы қалпына келтіруді жеделдетудің және осы үдерістің кешенді болуын қамтамасыз етудің негізгі қадамы – бұл жұмысты жоғалтудан зардап шеккендерге, оның ішінде табысы төмен адамдар, әйелдер мен азшылық өкілдері үшін сандық дағдыларға оңай қол жеткізуді қамтамасыз ету». «Әлемдік жұмыс күшінің әрбір мүшесі үшін мүмкіндіктер жасау LinkedIn-де жасайтын барлық жұмысымыздың қозғаушы күші болып табылады», – деп атап өтті LinkedIn бас директоры Райан Рослански.
Салтанат ҚАЖЫКЕН
1243 рет
көрсетілді0
пікір