- Цифрлы Қазақстан
- 13 Тамыз, 2020
Басты мақсат – құқықбұзушылықты болдырмау
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚО аумағында заңсыз әрекеттің жолын кесу үшін алдын алу шараларын жүргізді.
Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының басшылығы, қауіпсіздік жөніндегі өкіл, полиция қызметкерлері және Арнайы жедел әрекет ету жасағының жауынгерлері қатысты. Шара ұйымдастырушылары автокөлік иелерін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары аумағында өз қызметтерін ұсынатын делдалдарға сенбеуге шақырды. – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласындағы филиалы құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарының қатысуымен жүйелі түрде осындай іс-шаралар өткізіп тұрады. Анықталған құқықбұзушылық фактілері болып жатса, филиалдың қауіпсіздік қызметі ішкі тергеу жүргізіп, кінәлілерге тәртіптік жаза қолданылады. Бұл жолы да ХҚО аумағында делдалдардың заңсыз әрекеттерін болдырмау мақсатында алдын алу шараларын жүргіздік. Сонымен қатар, карантин кезіндегі сақтық шараларын, әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде кию қажеттілігі жайлы түсіндірдік», – деді филиал директоры Данияр Қырықбаев.
Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ
1540 рет
көрсетілді0
пікір