• Білім & Ғылым
  • 30 Қараша, -0001

«Коронамобильдер» көмекке әзір

Еліміздің ең ірі автомобиль холдингі денсаулық сақтау жүйесіне коронавируспен күресуге жәрдемдесуде. «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы қазақстандықтарға көмек ретінде Өскеменде шығарылған LADA автомобильдерінің кезекті партиясын берді.

Бұл қауіпті дертпен күресте компанияның бірінші қолдауы емес. Төтенше жағдай кезінде холдинг жедел қызметтер мен еріктілердің қарамағына вирусқа қарсы жұмыс үшін 80 жаңа автомобиль жөнелткен болатын. «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО-ның» екі жүз еріктілер экипажы COVID-19-бен күресуге Қазақстанның түрлі өңірлеріне жіберілген. Енді ерікті-жүргізушілермен бірге LADA маркалы тоғыз автомобиль Шығыс Қазақстан облысының орталығында инфекциямен күресушілердің қатарын толықтырды. Мұндай көліктер қала жұртшылығы арасында «вирусқа қарсы», «коронамобильдер» атауына ие болды. Экипаждар санитарлық өңдеу жүргізу үшін СЭС мамандарымен инфекцияның таралу ошағына шығады, медперсонал мен еріктілерді тасымалдайды, азық-түлік себетін, дәрі-дәрмектер мен қорғаныш құралдарын жеткізеді. «Бәрі жақсы болады!» деген ұранмен безендірілген әрбір автокөлікті жүргізушілердің еңбегі ерен. Өйткені, олар вирусты жұқтыру ықтималдығына қарамастан, қауіпті аймақтарда тапжылмай қызмет етуде. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолға алынып, санитарлық тәртіп қатаң сақталған. Ізгі істердің ортасында жүрген еріктілер­ге жұртшылықтың алғысы шексіз. Әсіресе, Алматы секілді алып шаһарда қозғалыс көп шектеліп, адам да, көлік те жетіспеген кезеңде осы техникалар таптырмас құрал болғаны анық. Оған қоса, көліктерді күту, сақтандыру, қосалқы бөлшектермен, жанармаймен қамтамасыз ету жұмыстарын «БИПЭК АВТО» толығымен өз мойнына алыпты.

Яғни, бензин, сақтандыру, сервистік қызмет көрсету, қосалқы бөл­шектерді қоса алғанда, барлық көлік шығындарын және жүргізу­ші­лер­дің жалақысын «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» өзі төлейді. Қазақстандағы корона­ви­рустың алғашқы толқынының қоры­тындылары бойынша ерікті­лердің жұмысын қамтамасыз етуге және автомобильдерге қызмет көрсетуге арналған «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО-ның» жалпы шығын­дары 73 млн теңгені құрады. Олардың ішінде, холдингтің жанар-жағар­майға арналған шығындары – 13 млн теңге (84 мың литр бензин), жүргізу­шілердің жалақы қоры – 48 млн теңге. – Өкінішке орай, эпидемия жүздеген отандастарымыздың өмірін жалмады. Мыңдаған адам осы дертпен бетпе-бет келіп, арпалысуда. Осы шарасыз жандарға жедел қол ұшын созып, қолдау қажет. Біздің LADA Granta және LADA Largus автомобильдеріміз инфекцияға қарсы тұруда таптырмас көмекшілер болады деп үміттенеміз. Барша қазақстандықтарға мықты рух пен оптимизм тілейміз. Біз барлық қиындықты еңсеріп, түбінде жеңіп шығатынымызға сенеміз, – дейді «БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ сату департаментінің директоры Ренат Мухамедов.

Сонымен қатар, компания Шығыс Қазақстан облысы ауруханаларына, ауру тасымалдаушылармен тікелей қарым-қатынас аумағында қызмет етіп жүрген мамандарға, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскерилерге 10 мың қорғаныш маскасын тегін үлестірді. – Медицина қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарына көрсеткен көмектері үшін «БИПЭК АВТО-ға» зор риза­шы­лығымызды білдіреміз. Компания берген мобильдік бригадаларға арналған автомобильдер осы қиын уақытта шақыртуларға, науқастарды аурудан арашалауға барады. Карантин күшейтілген кезеңде «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы өз қызметінің әлеуметтік бағытын тағы да дәлелдеді. Біз біргеміз! – дейді Өскемендегі «Ана мен бала орталығы» балалар ауруханасының директоры Ермек Омарбеков. Атап өтерлігі, холдинг бетпе-бет келген қиындықтарға қарамастан, бірінші жартыжылдықтың қорытын­дылары бойынша «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» Қазақстандағы автомобильдер нарығының абсолютті көшбасшысы ретіндегі орнын сақтап қалды. Топтың үлесіне елде сатылған жаңа автомобильдердің 32,9%-і және республиканың жеңіл автомобильдер өнеркәсібі шығарылымының жартысына жуығы (46%) тиеді. «АЗИЯ АВТО» зауыты саладағы №1 салық төлеуші мәртебесін растады – холдингтің салық төлемдерінің жалпы сомасы 2,98 млрд теңгеге жетті. Пандемиямен байланысты шек­теу­лерге қарамастан, зауыт өндіріс көлемін ұлғайтып, бірқатар мо­дельдердің: KIA Seltos кроссовері, жаңа буынды LADA 4x4, LADA Vesta және вариаторлы XRay, сонымен қатар автоматтандырылған трансмиссиямен UAZ Patriot өндірісін игере алды. Жыл соңына дейін қазақстандықтарға KIA Optima (K5) седанының келесі буынын, сондай-ақ KIA Sorento және KIA Rio жаңартылған нұсқаларын ұсыну жос­парланып отыр.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

319 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы