• Билік
  • 13 Тамыз, 2020

Сенат барлық өңірдің өкілдігін қамтамасыз етеді

12 тамыздағы Сенат депутаттарының сайлауына орай, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес әр облыстан, астанадан және республикалық маңызы бар қалалардан бір-бірден сайланатын 17 сенаторды таңдаушылар-мәслихат депутаттары сайлайтынына назар аударған.

«Заң шығарушы билік жүйесіне сәйкес Сенат еліміздің барлық өңірінің Парламенттегі өкілдігін, Мәжіліс құрамы жаңарған кезде заңнамалық саясаттың сабақтастығын және заң жобаларының сапалы қаралуын қамтамасыз етеді. Мәжіліс депутаттарының партиялық тізімдер бойынша және Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланатынын ескерсек, Сенатта өңірлер мүдделерінің білдірілуі аса маңызды», – деді Мәулен Әшімбаев. Сонымен қатар Сенат Төр­ағасы заң шығарушы билікті ұйымдастырудың қазіргі жүйесі қабылданған заңдарды сапалы пысықтауды қамтамасыз ететінін тілге тиек еткен. «Қаралатын мәселе жан-жақты әрі терең зерттеліп, заң қабылдау жұмыстары кезең-кезеңмен және қисынды жүргізілуге тиіс. Аталған жұ­мыс­тың сапасы мемлекеттік органдардың нормаларына, яғни, тұтас елдің тыныс-тіршілігіне ықпал етеді. Әр қабылданған заңның ондаған мың отбасы мен нақты адамдар­­дың тыныс-тіршілігіне тікелей әсері бар. Осы ретте Парламент палаталарының жұмысы заң шығару үдерісінің барынша тиімді әрі теңгерімді болуына мүмкіндік береді және заңдарды елдің, сондай-ақ әр азаматтың мүддесін ескеріп қабылдауды қамтамасыз етеді», – деді ол. Қабылданатын заңдар Қа­зақстан Президентінің бастамаларын заңнамалық тұрғыдан жүзеге асыруы тиіс. «Дамудың жаңа кезеңінде Мемлекет басшысы ұсынған халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және инклюзивті экономикалық өсуге арнал­ған жаңғырту бағдарын заңна­малық тұрғыдан қамтамасыз етудің маңызы зор», – деді Сенат Төрағасы.

521 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы