- Бизнес & Қоғам
- 09 Қараша, 2012
Қайта аттестациялау аяқталды
Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде мемлекеттік қызметкерлерді кезектен тыс қайта аттестациялаудың қорытындылары шығарылды. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақтық аттестаттау комиссиясы облыстық Ішкі істер департаментіндегі жедел-кезекшілік қызметі және контрабандамен күрес бөлімшелеріндегі 24 қызметкерден емтихан алған.
Мемлекеттік қызметкерлердің сынақ тапсыруына байқаушылар ретінде «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы мен «Атамекен» ҚҰЭП, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты. Жүргізілген кезектен тыс қайта аттестациялаудың нәтижесінде 20 адам өз орнына лайық деп танылды. Сонымен қатар, аталмыш жиырма қызметкердің екеуіне кадрлық резервке алу немесе жоғары қызметтерге тағайындау туралы кеңес берілді. Хабарламада сонымен қатар, аймақтық аттестаттау комиссиясының шешіміне сәйкес, төрт адам бұл қызметіне лайық емес деп танылған.
Тоғжан Мұхтарбекқызы
396 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *