• Бизнес & Қоғам
  • 09 Қараша, 2012

Әкімшілік басқару жүйесін жетілдіру жалғасуда Мақпал САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ

Бұдан былай мемлекеттік органдарда этика жөніндегі комиссар енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте өткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов мәлімдеген болатын. «Командалық көшудің» соңы сыбайлас жемқорлыққа апаратынын Елбасы бірнеше мәрте ескерткен де болатын. Себебі жемқорлықтың өзі жергілікті азаматтардан басталатындығын ескерсек, мұндай қажетсіз құбылысты тоқтату үшін заң жобасымен «командалық көшуге» барынша тосқауыл жасау керек», - деді агенттік төрағасы. Сонымен қатар, Әлихан Бәйменов өз сөзінде мемлекеттік қызметкерлердің корпоративтік  мәдениетін жоғарылату жағдайына ерекше тоқталып өтті. 

            - Құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелер нақтыланып отыр. Бұл ретте мемлекеттік қызметкер мұндай кері құбылыстың алдын алуға, оған қарсы тұруға және ол туралы хабарлауға заңдық тұрғыда міндетті болады. Осының өзі елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін күрестің негізі болмақ. Бұдан бөлек халықаралық тәжірибені зерделей келе, біз алдағы уақытта этика жөніндегі комиссарды енгізуіміз де мүмкін. Арнайы сертификатталған комиссарлар әрбір мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілер арасынан жасақталуы ықтимал,- деді Мәжілісте өткен кеңесте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов .

434 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы