• Өндіріс
  • 27 Тамыз, 2020

KPI: Кешен құрылысы аяқталуға жақын

Пандемия кезінде қара алтын бағасының құлдырауы бұл саланы тірек еткен компаниялар үшін ауыр соққы болды. Сын-қатер қоюланған кезде Самұрық-Қазына компаниялары тобында қабылданған оңтайландыру шараларының арқасында 422 миллиард теңгеге резервтер құрылған.

Еліміздің мұнай саласы тағы бір дағдарыстың толқынын аман-есен өткеруде. Бұл дер кезінде жүргізілген оңтайландыру мен резервтердің нәтижесінде мүмкін болды. Ендігі жерде салада операциялық тиімділікті арттыру бойынша жұмысты әрі қарай жалғастыру қажет.

TEngemonitor

 Атырау және Маңғыстау облыс­тарына жұмыс сапары барысында KPI кешенінің құрылыс алаңында, Ақтау және Құрық теңіз порттарында болып, мұнайшылармен және облыс басшыларымен тілдес­кен ұлттық әл-ауқат қорының басқар­ма төрағасы Ахметжан Есімов тиімсіз ұңғымалар қорына қатысты шаралар қабылдау қажет­тігін баса айтты.
– Өндіру көлемінің төмен­деуіне байланысты жүргізілген оңтайландыру шараларына қарамастан, өндірістегі жұмыс орындарын сақтау және ағымдағы жылға арналған өндірістік бағдарламаларды орындау –басымдықты міндет болып қала береді. Өкінішке қарай, кей тұста жоспардан артта қалушылық орын алуда. Компания басшылығы межеленген көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған шараларды қабылдауы қажет, – деді Ахметжан Есімов.
Қазірде елдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі – Kazakhstan Petrochemical Industries (KPI) мұнай-химия кешенінің құрылысы 74%-ке аяқталған. Келер жылы аяқталатын жоба жылына 500 мың тоннаға дейін полипропилен өнді­руге мүмкіндік береді. Бұл заманауи пластик түрлерін өндірудің негізгі материалы болып табылады және тамақ, машина жасау, медицина салаларында қолданылады, буып-түю материалдары мен құбырлар, кеңсе жабдықтары мен жиһаздар үшін негіз болады. Полипропилен өндіру кешенінің құрылысы кейіннен саланың жоғары технологиялық базалық өнімін алумен өңірде мұнай-химия кластерін құру бойынша бірінші кезең болып табылады. Жоба пропанды (бірінші фаза) және этанды (екінші фаза) терең өңдеу бойынша әлемдік деңгейдегі қазіргі заман­ғы технологияларды қолдануды көздейді. Кешен алаңы Атырау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км, Қарабатан бекетінен солтүстікке қарай 8-9 км жерде орналасқан. Жобаны іске асыру нәтижесінде құрылыс кезеңінде 3000-нан астам жұмыс орнын және пайдалану кезеңінде 500-ден астам жұмыс орнын құру, пластикалық бұйымдар шығаратын полипропилен базасында шағын және орта бизнесті дамыту, салық базасын кеңейту, сондай-ақ аралас салаларды дамыту көзделген. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр. А.Есімов осы қарқынды одан әрі сақтау қажеттігіне назар аударды.
Самұрық-Қазына төрағасы кейбір еншілес ұйымдардың бас­шылығын сынға алып, ескертпелер жасады. Мәселен, «Қарабатан» ГТЭС-інде өндірілетін электр энергиясының төмен бағасына қарамастан, түсініксіз себептермен оны басқа көздерден сатып алуды жалғастыруда.
Маңғыстау және Атырау облыс­тарының әкімдері Серікбай Трумов пен Махамбет Досмұхамбетов Қор басшылығына дағдарысқа қарсы қабылданған шаралар үшін алғыс білдірді. Осы қадамдардың нәтижесінде қиын кезеңде ешбір қызметкер жұмыстан босатылған жоқ, қызметі уақытша тоқтатылған сервистік компанияларда да жала­қы төленуде.
Ақтауда Қор басшысы Құрық және Ақтау порттарындағы қазіргі жағдаймен танысты. Бұл инфра­құрылымдық нысандардың елі­міздің транзиттік әлеуеті үшін маңызы зор. Олардың қызметіне Оңтүстік-Шығыс Азиядағы пандемия жағдайы, сондай-ақ кейбір сыртқы факторлар әсерін тигізді. А. Есімов ҚТЖ мен Құрық портының басшылығына порттың жүктеме деңгейін арттыру үшін бірлесіп күш салудың маңыздылығын атап айтты.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

431 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы