- Атамекен
- 02 Қыркүйек, 2020
Ел экономикасының үштен бір бөлігі – көлеңкелі

Көлеңкелі экономика мәселесін шешіп алсақ, ашықтық арқылы экономикамыздың даму үрдісін көрер едік. Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев Мемлекет басшысының Жолдауына орай осындай пікір білдірді.
«Мемлекет басшысы экономикамызда көлеңкелі экономиканың үлесі үлкен екенін айтып өтті. Ол экономикамыздың үштен бірі – көлеңкелі экономика екеніне, оның қауіп-қатеріне және сыбайлас жемқорлыққа әкеліп отырғанына баса назар аударды. Құқық қорғау органдарының басты жұмысы – көлеңкелі экономикамен күрес болуы керектігін айтты. Бұл – өте дұрыс тапсырма. Осы мәселені шешіп алсақ, ашықтық арқылы экономикамыздың даму үрдісін көрер едік», – деді депутат.
Ол Мемлекет басшысының теңгені бір қалыпқа келтіру мәселесін қозғағанына тоқталып өтті.
«Теңгенің тұрақсыздығы бизнестік инвестиция жасауға ұмтылыстың жоқтығына, шетелдік инвесторлардың сенімсіздік танытуына әкеліп отырғаны белгілі. Осы мәселенің бәрін дер кезінде шеше алсақ, бұл ертеңгі күні теңгеміздің тұрақтануына және инвестициялық климаттың қалыпқа келуіне септігін тигізер еді. Сондай-ақ, елімізде заң аясында қырыққа жуық салық пен түсімдер бар екені белгілі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен оны оңтайландырып, нақтылап, экономикаға жұмыс істейтін және бюджетке өз мұқтажын шешетін жағдай туғызу көзделіп отыр», – деді О.Өксікбаев.

316 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *