• Аймақ тынысы
  • 09 Қыркүйек, 2020

Жергілікті өнімдер пайдаланылады

Ақ Жайық өңіріндегі құрылыс саласының «еңбекторысы» «Айдана» ЖШС-ның атауы ел-жұртқа жақсы таныс. Серіктестіктің жол құрылысындағы тірлігіне 10 жылдан асты. Компания жол жөндеу, аулаларды абаттандыру жұмыстарын жүргізумен қатар жол құрылысына қажетті кейбір материалдарды өздері өндіріп, құрылыста пайдаланып жүр.

– Мына құрылғыны Ресейден алдық, онда күніне 600-700 дана өрнектас, 300-350 дана жиектас, 500 дана жиектас-поребрик өндіріледі. Қазіргі індетке байланысты компания сақтық шараларын қабылдады. Соған орай жол құрылысына жұмыс күші жетпей қалатын кездер болады. Сол себепті өндірістік цехымыздың жұмысын уақытша тоқтаттық. Қазір цехтағы жұмысшылар жол құрылысы жұмыстарына қолғабыс тигізуге кетті. Әзірге қоймамызда құрылыс материалдары қоры жасақталған, – деді аталмыш серіктестіктің бас инженері Гурген Амирханян.
«Айдана» ЖШС-ның өндірістік базасында өндірілген құрылыс материалдары ауыл- аудандарда ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстарына, қаладағы аулаларды абаттандыруға пайдаланылады. Қазір өндіріс ошағына он шақты адам еңбек биржасынан жұмысқа тартылған. Жалпы серіктестік ұжымында 150 адам еңбек етсе, соның 80-і еңбек биржасынан. Сырттан жұмысқа тартылған жұмысшылардың басым көпшілігі аудан-ауылдарда жол құрылысында тер төгіп жүр.
Биыл «Айдана» компания­сының құрыш қолды құрылыс­шылары Тасқала, Шыңғырлау, Сырым (Тоғанас аулында) және Казталов аудандарында (Жалпақтал ауылында) жол жөндеумен айналысуда. Оралда 6 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталып келеді. Серіктестік аулаларды абаттандыру жұмыстарына өздерінің сапалы өнімдерін пай­даланған.
– Біз өнімдерімізге сапа сертификатын алып отырамыз. Құрылыс материалдарын өзіміз өндіріп, құрылыста өзіміз пайдаланамыз. Сондықтан өнім өндіруші ретінде өнім сапасына қатты мән береміз. Жол құрылысы жұмыстарына 5-7 жылға, аулалардағы жұмыстың сапасына екі жылға сеніммен кепілдік береміз. Бірақ әлі күнге дейін сенімімізге селкеу түскен жоқ, – деді Гурген Амирханян.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,
Орал қаласы

442 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы