• Өндіріс
  • 01 Қазан, 2020

Көмір көлемді өндірілуде

Елімізде жыл басынан бері 72 миллион тонна тас көмір, лигнит пен көмір концентраты – бір жыл бұрын қанша болса, іс жүзінде сонша өндірілген. Өнімнің заттай көрінісіндегі экспорт өткен жеті айдың қорытындысында азғантай ғана, бар-жоғы 3%-ға төмендеген, бірақ ақшаға шаққанда бірден 27%-ға құлдырап кетіпті, деп жазады Energyprom.kz сайты.

 2020 жылдың қаңтар-тамызында 71,7 млн тонна тас көмір өндірілген, бұл қоңыр көмір мен көмір концентратын қоса есептегенде мұнан бір жыл бұрынғыдан 0,3% аз. Ақшаға шаққанда көмір өндіру көлемі 211,5 млрд тг құраған.

Өткен жылдың қаңтар-тамызында 71,9 млн тонна көмір өндіріліпті, бұл да кейінгі жылдың көрсеткіштеріне қарағанда – 2,3% кем түскен. Жалпы алғанда, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында елімізде 115,4 млн тонна көмір өндірілген, кейінгі жылмен салыстырғанда 2% кем.

ҚР ИИДМ мәліметтері бойынша ағымдағы жылда өндіріс көлемі 107 миллион тоннаға дейін арттырылмақ. Мұның басым бөлігі ішкі нарыққа жұмсалады.

2019 бен 2018 жылдардың қаңтар-желтоқсанындағы шұғыл мәлімет­термен салыстырылған (1-инфографика).

Жыл басынан бері 66,4 млн тонна тас көмір өндірілген, былтырмен салыстырғанда – 0,4% көбірек. Соның ішінде кокстенген көмір өндіру 7,1 млн тонна, бір жылда 6,7%-ға арта отырып, өндірілген; энергетикалық көмір бірден 6,8 есе қысқарып –7,9 млн тонна өндіріліпті.

Қоңыр көмір (лигнит) өндірісі 10,4%-ға, 2,7 млн тоннаға дейін қысқарған. Көмір концентратын өндіру де 5,2%-ға – 2,7 млн тоннаға дейін төмендеп кеткен (2-инфографика).

Еліміздегі маңызды өндіруші ай­мақтар – Павлодар мен Қараған­ды облыстары еншісіне – барлық өн­діріс көлемінің 93,7%-ы тиесілі екен. Павлодар облысында бір жыл бұрынғыдан 1,2%-ға аз, 42,8 млн тонна көмір өндіріліпті; Қарағандыда – 24,4 млн тонна көмір, бір жылда плюс 2,4%-ға артықшылықпен, өндірілген.

Аталаған аймақтарда «Майкөбен-Вест» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Ангренсор Энерго» ЖШС (Павлодар облысы), Еуразиялық топ құрамына кіретін «Шұбаркөл көмір» АҚ (Қарағанды облысы) сияқты саланың осындай алыптары жұмыс істейді (3-инфографика).

ҚРСтатистика комитетінің мәлі­мет­тері бойынша, жеті айдың қоры­тын­дысында Қазақстан 12,4 млн тонна көмір экспортқа шығарған, бұл 2019 жылдың қаңтар-шілдесіне қарағанда – 3,2%-ға аз. Ақшалай көрінісінде экспорт бірден 26,5%-ға қысқарып, 193,3 млн АҚШ долларын құраған. Қазақстандық көмірдің барлық ауқымы іс жүзінде ТМД елдеріне жөнелтіледі: 12,2 млн тонна. Ақшаға шаққанда ТМД елдеріне экспорт, былтырға қарағанда 12,6%-ға аз – 174,5 млн АҚШ долларын құрапты. Негізгі импорттаушы Ресей екен.

Әлемнің басқа елдеріне былтырға қарағанда 6,5 есе аз – тек 174,1 мың тонна ғана жөнелтілген. Ақшалай көріністе экспорт 3,4 есе, 18,8 млн АҚШ долларына дейін құлдыраған.

Дегенмен, ҚР ИИДМ қыркүйек айының ортасында жария еткен есептемесінде көмір өнеркәсібі биыл «коронавирустан» ауыр соққы сезінген жоқ деп хабарлады: еліміз жыл басынан бері 18 миллион тонна көмірді экспортқа шығарған – бұл былтыр қанша болса, шамамен биыл да сонша деген сөз. Негізгі өткізу нарықтары да сол күйінде қалған. Компанияларымыз биыл тіпті Ресейге қатты отын сатуды да арттырған (4-инфографика).

Тамызда еліміздің ішкі нарығын­да тас көмір, былтырғы тамызбен салыс­тырғанда, 3,4%-ға қымбат. Еліміз аймақтарының арасында бағалар өсуін Батыс Қазақстан (8,7%-ға) және Алматы (7,2%-ға), сондай-ақ Шымкент (6,8%-ға) тұрғындары сезінген.

Көмірдің арзандауы екі аймақта: Ақтөбе облысы (0,8%-ға)және астанамызда (3,9%-ға) тіркелген. Тағы екі аймақта: Атырау мен Маңғыстау облыстарында өзгеріссіз қалған.

 Иса ҚАМБАР

934 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы