• Атамекен
  • 26 Қараша, 2020

Электрондық карталар жасалуда

Еліміздің ең бай гербарий қоры мен заманауи жабдықтармен жабдықталған агрохимиялық зертхананы алматылық журналистер мен блогерлер тамашалады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласындағы филиалы – Агрохимиялық, топырақты зерттеу және кешенді-іздестіру жұмыстары департаменті БАҚ өкілдері үшін 2020 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз турын ұйым­дастырды.
Турға қатысушылар мекеме­нің көрме залында 60 жылдан астам уақыт бойы жиналған мұрағаттық материалдармен танысты. Сондай-ақ журналистер назарына департаменттің бай гербарий қоры ұсынылды, онда жапырақтардың 10 мың түрі және өсімдіктердің 3 мың түрі сақталған. Сонымен қатар БАҚ өкілдері заманауи агрохимиялық зертханаға барды.
«Қазіргі уақытта біздің ма­мандар далалық жұмыстарды пысық­тап, камералдық жұмыс­тарды және электрондық карта­ларды жасаумен айна­лысуда. Алты ауылдық округте 690 мың гектар алқапта топырақ іздес­тіру бойынша электрондық кар­талар жасалып, МҚІСА-ға біріктірілетін болады. Бұдан бас­қа, Жамбыл облысының Жамбыл және Т.Рысқұлов аудан­дарында – 500,0 мың гектар жұмыстар аяқталды. 300-ден аса шаруа қо­жалықтарын паспорт­тау жұ­мыстары жүргізілді. Соны­мен қатар, 3100,0 мың гектар алаңға геоботаникалық зерт­теу жүргізіліп, енді оның электрон­дық геоботаникалық карталары жасалуда», – деді департамент ди­ректорының орынбасары Естай Құдабаев.
Департамент 2020 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында 690 мың га алқапта топырақ зерттеу, 670 мың га жуық алқапта ауыл шаруашылығы мақса­тындағы жерлердің топырақ бо­ни­тировкасын анықтау, 400 мың га алқапта жер мониторингі бойын­ша жұмыс ұйымдастырды, 690 мың га жерге арналған элек­трон­дық топырақ картасы жасал­ды.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

7504 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы