- Ақорда & Үкімет
- 26 Қараша, 2020
Стратегиялық мақсаттар жүзеге асады

Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қазіргі ахуалға қарамастан стратегиялық даму мақсаттарын дәйекті түрде іске асыратынын атап өтті.
– Партиямыздың кезектен тыс XX съезі күрделі әрі маңызды кезеңде өткізіліп отыр. Бұл мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі айтулы оқиға. Бүгінде Nur Otan партиясы ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналды. Халқымыз бізге қашанда зор сенім артады. Әсіресе, жаһандық дағдарыс кезінде ел аманатына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Бүкіл әлемге тараған пандемия Қазақстанға да оңай тиген жоқ. Мемлекет азаматтарымыздың денсаулығын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы партия тарапынан халыққа ұдайы қолдау көрсетіліп келе жатқанын, партия белсенділері және еріктілері мұқтаж жандардан көмегін аямағанын атап өтті.
– Осындай нақты жұмыс пен жанашырлық береке-бірлігімізді арттыра түседі. Елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ету – негізгі міндеттің бірі. Мен биылғы Жолдауымда партияның қоғамдағы жетекші рөлі туралы айттым. Біз реформаларды жүзеге асыру барысында Nur Otan партиясының зор әлеуетіне сүйенеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

23614 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *