• Цифрлы Қазақстан
  • 29 Қаңтар, 2021

Мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан алуға шақырады

Жаңа жыл басталғалы Алматы ХҚО-ларына келушілер қатары көбейген. Жыл жаңарып, құжаттарын да осы жылмен қайта рәсімдейтіндердің бәрі ХҚО-ларға ағылуда.

Егер электрондық сандық қолтаңба болса, үйде отырып-ақ алатын қызметтер үшін, азаматтар уақытын сарп етіп ХҚО-ға келіп, кезекке тұрушылар қарасын көбейтуде. Пандемия кезінде індет қаупі азаймай тұрғанда, топырлап келіп кезекке тұру – қатерге көзсіз бас тігу. 

«Жыл сайын алғашқы айда әлеуметтік сала бойынша қызмет алушылар саны артады. Оның себебі, жыл басында олардың мәліметтері қайта жаңартылады. Азаматтардың көпшілігі жыл­дық есептерін тапсырады. Жыл сайын қаңтарда рәсімдеумен айналысқасын, көпшілігінің электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) мерзімі де осы кезде біте­тіні белгілі. Сондықтан ЭСҚ алушылар да топты көбейтіп ХҚО-да жүреді. Түптеп келгенде, ол қызметтерді ХҚО-ға келмей-ақ ЭСҚ-мен  үйде отырып алуға болады. ЭСҚ жоқ болса, оны да  үйде отырып алуға болады. Сондықтан, азаматтарды өзінің және жақындарының қамы үшін, қызметтерді ХҚО-ларға келмей-ақ алғандары жөн», – деп кеңес береді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова. 

ЭСҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады? Ол үшін қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс; SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар телефон; компьютеріңізде веб-камера болуы керек; сонымен қатар компьютерге NCALayer бағдар­ламасын орнатуыңыз қажет.

Алматы қаласындағы каран­тин жағдайына байланысты қа­ланың бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ал­маты қаласы филиалы фронт-офистерінің жұмыс кестесі уа­қытша өзгерді.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

1824 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы