• Цифрлы Қазақстан
  • 11 Ақпан, 2021

Алдын-ала жазба бойынша қабылдайды

Эпидемиологиялық жағдайдың өршуіне байланысты Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің шешімімен қаланың ХҚО-ларына қабылдау қатаң түрде алдын-ала жазба бойынша жүзеге асырылады. Енді халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару үшін кезекті алдын ала брондау қажет.

Азаматтардың көп жина­луын және жұқтыру қауіпін болдырмау үшін карантиндік шаралардың қатаңдатылуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезек­ке алдын ала тапсырыс беру қажет. Сонымен қатар, қаулыға сәйкес қаланың барлық ха­лыққа қызмет көрсету орта­лық­тарының жұмыс кестесі де өзгерді. ХҚКО ғимарат­тарына кіру үшін міндетті түрде бетперде тағу талап етіледі. Сақтау белгілері 1,5-2 метр қа­шықтықта сызылған. Әрбір ХҚО-да санитайзерлер бар.

Брондауға өтінім қалдыру үшін азаматтар egov.kz элек­трондық үкімет порталын пай­да­лана алады немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалы­ңыз. Брондау рәсімінен кейін аза­мат ХҚКО-ға қай уақытта келу ке­ректігі туралы хабарлама алады.

«Біздің әріптестеріміз фронт-офистерде қызмет алу­­шылармен тікелей бай­ланыста. Біз келушілер мен қызметкерлерді қорғаныс құ­рал­дарымен қамтамасыз етуге барынша тырысамыз. Сон­дықтан көрсетілетін қыз­метті алушыларға қандай да бір ауру белгілері болған жағдайда ХҚО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз», – деп хабарлады «Аза­­маттарға арналған үкімет» мемлекеттік коорпорациясы    Алматы қалалық филиа­лының дирек­торы Данияр Қырықбаев.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

 

1900 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы