• Бизнес & Қоғам
  • 11 Ақпан, 2021

Кентау қарыштап дамып келеді

Кентау қаласының  экономикасына негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 57,2 млрд. теңгеге жетіп, 2019 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге өскен. Кентау қаласындағы индустриалды  аймақта 10 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның үшеуі жүзеге асып, ашылғалы бері 3,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 100-ден астам адам жұмыспен қамтылды. Биыл тағы бес жоба іске қосылмақ. Нәтижесінде, 116 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Кентау қаласында қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған ша­ғын орта кәсіпкерлік субъек­тілерінің саны 8 мыңнан асады. Өнім көлемі 30,6%-ға артқан. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті да­мытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты шеңберінде жыл басынан «Ырыс» МҚҰ арқылы 250 млн. теңгеге 70-тен астам жоба қаржыландырылды.

«Яссы-несие» несиелік серіктестігі арқылы кәсіп­керлікті қолдау мемлекеттік бағдарламалары аясында 43 жобаға 1,6 млрд. теңге несие берілді. Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 300 азаматқа 166 млн. теңге көлемінде грант бөлінген. Олар­дың қатарында кондитерлік өнімдерді өндіру, тамшылатып суару, мал шаруа­шылығы және басқа да сала мамандары бар.

Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарла­масы бойынша үш кәсіпкер 12 млн. теңге грант жеңіп алған. Субсидиялау үшін екінші дең­гейлі банктер арқылы 9 жоба несиелендірілуге оң шешімін алған. 2020 жылы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Кентау қа­лалық  филиалы арқылы 700 млн. теңге 6-7 % мөлшермен несие берілді. «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағ­дарламасы шеңберінде Кентау қаласы бойынша 21 жоба қара­лып, жартысынан астамы несие­лендірілді.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

829 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы