• Цифрлы Қазақстан
  • 11 Наурыз, 2021

Отандық Aitube видеохостингі мобильді қолданбаны іске қосты

Aitube видеохостингі мобильді құрылғылардан контент көруге болатын ұялы қолданбаны іске қосты. Пайдаланушыларға жергілікті түсірілген телехикаялар, мемлекеттік тілдегі ойын-сауық және танымдық сипаттағы контент, сондай-ақ қазақстандық телеарналар эфирлерінің трансляциясы ұсынылады.  

Қолданбаның іске қосылуы – отандық әзірлеушілер еңбегінің жемісі. Aitube платформасын жас қазақстандық Aitu-Dala digital-компаниясы қалып­тастырып дамытуда. Видео­хостингтің басты міндеті – Қа­зақ­стан тұрғындарының отан­дық видеоконтентке еркін әрі ыңғайлы қолжетімділігін қамта­масыз ету.

Видеохостинг иесі Aitu-Dala компаниясының бас директоры Евгений Волковтың Aitube-тегі контент сұранысқа ие, ауқымды аудиториясы бар екендігін атап өтті. «Сериалдар мен видороликтерге көрермен­деріміздің қолжетім­ділігін жеңіл­дету қисынды қадам болды. Пор­тал­дың аудиториясы ай сайын­­ғы 2 миллион көрермен межесінен әлдеқашан асып үлгер­ген, ал қолданбаны Android және iOS негізіндегі құрылғы­лардың барлы­ғына жүктеуге бола­ды», – деді ол.

Aitube – үздік өндірушілердің эксклюзивті контентін, сонымен қатар телевизиялық ойын-сауық және ақпараттық шоулар мен пайдаланушылардың видеоларын бір ортаға тоғыстырған ұлттық видеохостинг. Aitube әрбір адам өзінің кез келген жанрдағы ме­диа­­сын жариялай алатын, кө­рермен болса қазнеттің жаңа жұл­дыз­дарын танып қана қоймай, Қазақ­станда өндірілген премиум контентке тегін қолже­тім­ділікке ие болатын ашық алаң болып табылады. Сайтқа ай сайын 2 миллион адам кіреді, олардың 91%-дан астамы – Қазақстан тұр­ғындары.

Нұрлан ҚҰМАР

3226 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы