• Қаржы
  • 18 Наурыз, 2021

Қаржы тақырыбына арналған кітап

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы елімізде сәтті іске асырылып жатыр.

Осыған орай, таяуда Алма­тыдағы «Дәуір» баспа­сынан Жеке қаражатты басқа­руға арналған алғашқы қазақтілді кітап жарық көрді. Ұлттық ау­дарма бюросы тәржімалаған Томас Гарман мен Форг Рэй­монд­тың «Жеке қаражат» оқулығы – экономикада қаржы, несие, бағалы қағаздар, инвести­циялау, сақтандыру, салық жүйесі, менеджмент тақырып­тарын топтастырып жүйелеу арқылы жеке қаражатты өз алдына дербес білім курсына бөліп шығарған түбегейлі еңбек. Қаржыны тиімді жұмсаудың амалдары сипатталып, жүйе­ленген бұл оқулық үнемдеу мен инвестициялауға, несиені басқаруға, салықты жоспар­лауға, несие картасы бойын­ша боры­шыңыз­ды азайтуға септігін тигізіп, қаржылай тұ­рақты болашағыңызды қа­лыптас­тыруға көмектеседі. Сан түрлі қаржы мәселелерін қамтыған кейстер мен кәсіби мамандар кеңесі тақырыпты жан-жақты түсіндіріп, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықтың мақсаты – кіріс пен отбасылық бюджетті басқару, несие, инвести­ция­лау, сақтандыру, зейнетақы жинағы мен салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржы­лық қауіпсіздікке жетуді үйре­ту. Қазақ тіліне оқулықтың 13-басылымы аударылып, Қа­зақ­­станға бейімделіп ауда­рылды. Әр тарау елімізге қатысты тиісті ақпаратпен, заңдар­мен және кейстермен толықтырылған.

Кітап экономика, қаржы, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит мамандықта­рында оқитын студенттерге, оқыту­шыларға және қаржы­сын тиімді басқаруға ниетті барлық оқырманға арналған. 17 тараудан тұратын кітап­тың әр бөлімінің соңында тақырыпты қорытындылауға арналған талқылау сұрақтары, тапсырмалар, есептер бар. Кейбір тарауларға еліміз­дегі жағдайға байла­нысты тақырыпшалар қосылса, өзгелерінде арнайы «Қа­зақстанда» деген айдар бар. Кітапты мемлекетімізге бейім­деуге отандық білікті ғалымдар мен тәжірибелі мамандар атса­лысты.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

 

926 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы