• Бизнес & Қоғам
  • 15 Қараша, 2012

Болашаққа батыл қадам Мақпал САҒЫНДЫҚ

Бүгінде Қазақстанды білмейтін елдердің қатары азайып келеді. Күннен-күнге шет мемлекеттермен іскери әрі экономикалық байланыс орнату барысында еліміздің беделі біршама айқындалып келеді. Осы ретте әңгімемнің тұздығы болып отырған оралдық «KAZKON» компаниясы. Аталмыш компания «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы негізінде «Кондитер өндірісі» жобасын қолға алып отыр. Осыған дейін құрылыс материалдарын сатуда делдалдық қызмет көрсеткен компания қызметтік бағытын тамақ өндірісіне бұруды жөн деп тауыпты. Осылайша, компания қазіргі таңда 40 шақты азаматты тұрақты жұмыс көзімен қамтамасыз етіп отырған жайы бар.

            Мемлекеттің тікелей көмегінің арқасында кәсіпорын «Даму-өндіріс» бағдарламасы бойынша аймақтық үйлестіру кеңесінің іріктеуінен өтіп отыр. Отандық компаниялардың жұмысының  шет мемлекеттерде қандай деңгейде жүзеге асып жатқандығын аңғарған оралдық кәсіпорын өнім тасымалын ұйымдастыратын ауылшаруашылық, өнімді сату мен маркетинг бөлімдерін құрды. Бүгінде кондитерлік күлшелердің 15 түрін шығаратын кәсіпорын еліміздің өзге облыстарынан да арнайы тапсырыстар қабылдап жатыр. Болашақта компания өнімдерін экспортқа шығаруды жоспарлап отырған кондитерлік фабриканың басшысы Марат Қаженов: «Біздің өңірде кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорындар баршылық. Мұның жақсы жағы бар. Бәсекелестік әр компанияның күші мен қаржысын жарнамаға, маркетингке салуға итермелейді. Содан маркетинг саласының мамандары қалыптасады. Маркетинг өнімді өткізуде көп рөл атқарады. Сондықтан өнім бағасы қалыпты болады. Қазір Кедендік одақ шеңберінде сырттан өнімдер ағылуда. Өз кезегінде біздің елдің де өнім өткізу нарығы ұлғайды», - дейді.

            Өз кезегінде компанияның ішкі өнім сұранысын жетілдіруді көздеген кәсіпорын алдағы уақытта өнімдерін экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.

372 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы