• Цифрлы Қазақстан
  • 08 Сәуір, 2021

Бала құқығы – басты назарда

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен және «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясындағы серіктестік Қазақстандағы балалардың құқықтары мен әл-ауқатын жақсарту үшін жүйелі жұмыстарды құруға бағытталған және келесі ұзақ мерзімді стратегиялық бірнеше мақсаттарды қамтиды. Атап өтсек: Балалар мен жастардың мүдделерін алға бастыруда бизнестің рөлін нығайту; Бірлес­кен ақпараттық науқандар, іс-шаралар және материалдарды тарату арқылы балалардың құқық­тарын жүзеге асырудағы халық­аралық стандарттар мен сәтті тәжірибе туралы халықтың хабар­дарлығын арттыру; Донор­лық мәдениетті насихаттау және әлеуетті донорлар мен серік­тестерге балалар үшін жүйелі жұмыс жасау үшін қолайлы жағдай жасау.

«ЮНИСЕФ – бүкіл әлемдегі балалардың мүддесі үшін әрекет ететін ең беделді ұйымдардың бірі. «Қазпошта» АҚ әлеуметтік жауапты компания ретінде ба­лалар мен жастардың мүдделері үшін жобалар мен ақпараттық науқандарды қолдауға дайын. Сондай-ақ, мен Қазақстанның Бала құқықтары туралы кон­вен­цияға қол қойғанының 25 жылды­ғына орай биыл біз мерей­тойлық пошта маркасын шығаратынды­ғымызды қуана хабарлай­мын», –  деп атап өтті «Қазпошта» АҚ басқарма төр­ағасы Сәкен Сәрсенов.

Меморандумға қол қою барысында ЮНИСЕФ-тің Қа­зақ­стандағы өкілі Артур ван Дизен серіктестік қарым-қаты­настарды құрудың маңыз­дылығын айта отырып, бизнес сектордың балалардың жағ­дайын жақсартуда маңызды рөл атқара алатындығын атап өтті. «Біз балалардың сапалы қызметтерге, оның ішінде ден­­­саулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғауға тең қол жетім­ділігін жақсарту үшін жүйелі өзгерістерді жа­сауға дайын компанияларды қолдаймыз. Біз бүкіл Қазақстан бойын­­ша пошта, қаржылық және электронды қызметтерді ұсы­натын «Қазпошта» АҚ-мен ын­тымақтастық туралы мемо­рандумға қол қоюға қуаныш­тымыз. Меморандум аясында­ғы жұмыс елдегі балалардың әл-ауқатын жақсарту үшін жүйелі жұмыстарды құруға бағытталған»,  – деді Артур ван Дизен.

Айта кету керек, ЮНИСЕФ ең мұқтаж балаларды қамту үшін бірқатар елдерде және аумақтарда аса қиын жағдайларда жұмыс жасайды.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

3169 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы