• Білім & Ғылым
  • 08 Сәуір, 2021

Экологиялық журналистика: Арнайы курс өтті

Экология мәселесі бүгінгі күннің өткір мәселесіне айналды. Ғаламдық жағдай барған сайын күрделене түсуде. Айналадағы ортаны қорғау проблемасы алға шығып отырғаны ақиқат. Бір қуанарлығы, елімізде табиғатты сақтау саласы бойынша халықтың сауатын арттыру мәселесі қолға алынып, маңызды шаралар жасалынып жатыр. Кез келген тақырыпта өзекті мәселерді қозғап, әлеумет арасына насихаттап, дамытуға күш салатын бірден бір маман – журналистер. Сондықтан алдымен кадр дайындау түйткілін шешіп алған абзал.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Экология, гео­логия және табиғи ре­сурстар министрлігі мен әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ ынтымақтастық мемо­ран­думы аясында экология сала­сында маманданған журна­лис­терге арналған дәріс өтті. Жаһандық қоршаған орта өзге­рістері мен жергілікті эко­ло­гиялық проблемалар – журналистерге арналған курс­тың басты білім беру бағыты болып саналды. Экология­лық сауат­тылықты арттыру, эко­логия­лық мәселелер тақыры­бынды журналистік мате­риалдар даярлау­дың медиа құралдарын үйрену модулі шығар­ма­шылық кешенді қамтыды. БАҚ-та эколо­гия­лық мәселелерді жариялау, экологиялық білім беру мен тәр­бие­леу, қалдықтарды кәдеге жа­рату және қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланды. Аталған шара­ға ғалымдар, журна­листер мен эколо­гиялық саланың еріктілері қатысты.

БҰҰ Жаһандық коммуника­циялар департаментінің өкілі – Қазақстандағы БҰҰ Ақпарат­тық бюросының басшысы Властимил Самек: «Тұрғындар арасында экологиялық ақпарат таратудың үлкен жауап­керші­лігі бар. Экологиялық ойлауды қалыптастыруда универ­ситет­тердің салалық кафе­драла­рының орны айрықша. Сондықтан ол туралы білім мен ақпарат кеңінен таралуы және қолжетімді болуы тиіс», – деді.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжік­стан және Өзбекстан бой­ынша Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы Комму­никация және ақпарат мама­ны Сергей Карпов Тұрақты даму мақсаттары аясында экологиялық журналистика бойынша білім берудің бағдар­ламаларын таныс­тырды. Университеттің Баспа­сөз және электронды БАҚ кафе­драсы мен Тұрақты даму бойын­ша ЮНЕСКО кафедрасының ғалым­дары, тәжірибешіл эколог­тар қауым­дастығы спикер­лердің теориялық мәселеден практикалық дағдыларға дейінгі кешенді қам­тыды.

«Экология мәселесінің ауқы­мы кең, дегенмен ол әр адам баласының өміріне қатысты болуы тиіс. Қазақ­стан Республикасының жаңа экологиялық кодексін түсін­ді­руден бастап, мамандар БАҚ-та жиі аталатын биосфера­ның ластануы, экотоксиканттар, төтенше жағдайлардан қорғану, экологиялық тәуекелдер, эколо­гиялық ізді есептеу сияқты кәсі­би проблемаларды кеңінен талқылады. Зертханалық жағ­дайда журналистер судың органо­леп­­тикалық көр­сеткіштерін тал­дады. Жур­налистерге ұсы­ныл­ған эко­логиялық минимум – био­музей, жасыл технологиялар зонасымен жақын таныстыр­ған кампусқа экотурмен аяқталды. ҚазҰУ Ғылыми кітапхана қоры «Экология. Тұрақты даму мақ­саттары. Журналистика» тақы­ры­бында кітап және БАҚ мате­риалдар мен фотосуретші Асылхан Әбдірайымның «Қазақ­стан­ның көркем табиғаты» фото­көрмесі де шараның әдісте­мелік, визуалдық модулын нығайт­қаны рас», – деп атап өтті бағдар­лама үйлестірушісі, ҚазҰУ-дің Журналистика факультетінің бас­пасөз және БАҚ кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаева.

Елуден астам БАҚ маманы экологиялық мәселелерді қалай жазу керектігі төңірегінде білі­мін арттырды. Оқу кур­сын аяқ­та­ған республика­лық және өңір­лік ақ­парат құралдарының қыз­мет­кер­леріне сертификаттар табыс­тал­ды.

Иә, қазір Жер шарында­ғы экология мәселесі күннен-күнге күрделеніп барады. Қазір ғаламшарымызда 8 миллиард­қа жуық жұмыр басты пенде тіршілік етуде. Жылына орташа есеппен 93 миллион адамға көбейіп бара жатқандықтан жер шары болашақта адам баласын асырауға қауқары жетпейді. Өткен ғасырдың бас кезінде-ақ академик В.И.Вернадский таяу болашақта Жердің табиғатында­ғы антропогендік сипаттағы, адамның қареке­тінен болатын өзгерістер планеталық сипат алады деп болжаған еді. Бұл болжам нақты шындыққа айналып отыр. Сондықтан қоршаған ортаны сақтап, таяу арада адам баласы жасыл экономиканы тиімді түрде жолға қоюы тиіс.

Нұрлан ҚҰМАР

 

2285 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы