• Бизнес & Қоғам
  • 15 Сәуір, 2021

Ауыл көшелері самаладай жарық

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының орталығы –  Тасқала ауылының көшелерінде жарық шамдарын қайта құру жұмыстары жүргізілді. Қараңғылық қоюланған кезде бұл көшелердегі шамдар самаладай жарқырайды. 

Тасқалалықтардың табиғат тосын мінезін көрсететін қыстағы ұлыған борандарда, көктем-күздегі дүлей желдер мен қатты дауылдарда жарықсыз қалатын кездері аз емес. Бұрынғы кеңестер кезеңінен мирас боп қалған электр желісінің ағаш бағандары мен қуат жеткізгіш сымдарының ескіргені соншалықты, кейбірі жаздың күндері құйынды желден «жалп» ете түсіп, жерге «сұлай» кетеді. Ауыл тұрғындарының нара­зы­лығын туғызып, алқалы жиындарда сан мәрте көтерілген осы мәселе ескеріліп,  аудан әкімдігі «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жарықтандыруды қайта құрудың жобасын жасап, іске қосты. Жобаға  аталмыш бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 105 млн 864 мың теңге бөлінді. Игілігі мол жоба бойынша  ескі ағаш бағандарды, электр желілерін жаңарту, жарық диодты шамдар орнату, электр желілері тартылған көше бетіндегі тұрғын үйлерге дейін электр сымын тарту қарастырылған.

– Аталмыш жоба бойынша Тасқала ауылының  Абай, Жақ­сығұлов, Мәметова, Шамов, Скоробогатов, Сапаров көшелері бойындағы жарық шамдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Барлық нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер болып бекітілген «ЭнергоРемСервис» ЖШС  уақытылы атқарып шықты. Жаңғырту жұмыстары барысында 20 шақырымға жуық электр сымы, 276 дана темір-бетонды электр бағаны, 200-ден астам жарық диодты шам орнатылды, 4 дана кешенді трансформатор стансасы жаңаланды, – деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі Әлібек Тәшімов.

Тасқала көшелерінің бойында шамдар орнатып, жарықтан­дыру түнгі мезгілде жаяу жүргін­шілер мен автокөліктердің қауіпсіз қозғалысына және аудан  орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына одан әрі әсер ететіні анық. Жарықтандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру мақсатында Тасқала ауылының Мәметова көшесінің бір бөлігін, Чурилин, Жеңіс, Саябақ, Шевченко, Кенжин, Панфилов көше­лерінің жарықтандырылуын қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттама жасақталды.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

Батыс Қазақстан облысы

961 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы