• Бизнес & Қоғам
  • 22 Сәуір, 2021

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталықтары құрылмақ

Заманауи әлемде мемлекеттің әл-ауқаты жалпы ұлт әлеуетін және жекелей алғанда азаматтардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланумен айқындалады. Сондықтан көптеген дамыған елдер жергілікті өзін-өзі басқару үлгісін жетілдіруге ұмтылады.

Биліктің осы деңгейі халық­қа барынша жақын, негізінен оны халық қалыптастырады, оның бақылауында болады және халықтың негізгі өмірлік қажеттілігін қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару ұтымды құрыл­са, тек жергілікті ресурстар­дың жұмсауы оңтайланып қана қоймай, сонымен қатар, халықтың билікке деген сенімі едәуір артады.

Жергілікті өзін-өзі бас­қаруды дамытуға жәрдемдесу және шешім қабылдау про­цесіне ха­лықтың қатысуын жандандыру мақсатында төрт өңірде (Атырау, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақ­стан облыстары) пилот­тық Сommunity орталықтары құрылатын болады.

Орталықтардың қызметі жергілікті қоғамдастықты дамыту моделін құруға ба­ғыт­талады. Олардың база­сын­да жергілікті жерлердегі сарапшылар (оффлайн және онлайн) жергілікті өзін-өзі басқару (ЖӨБ) бойын­ша консультациялар береді. Яғни, жергілікті халықтың шешім қабылдау процесіне қатысу мәселелері бойынша кеңес алу мүмкіндігі болады: жина­лыстарды, жергілікті қо­ғамдастық жиындарын ұйым­дастыру, жергілікті қоғамдастық мүшелігіне кіру, ЖӨБ бойынша НҚА түсіндіру және басқа да мәселелер.

Орталықтар Ақпарат және қо­ғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қол­дау орталығымен «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» гранттық жобасы шеңберінде «Маңғыстау облы­сының Азаматтық альянсы» ЗТБ күшімен іске қосылады.

Айта кету керек, бұл жоба Қазақстанның 8 облысында (Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстары) жүзеге асырылады. Жоба барысында ұйымдастырушылар  жергілікті маңызды мәселелерді шешу үшін жалпы құны 8 млн.теңгені  құрайтын (әр өңірге 1 млн. теңге) шағын гранттар конкурсын өткізеді.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

 

939 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы