• Аймақ тынысы
  • 22 Сәуір, 2021

Заманауи нысан бой көтерді

Қапшағай қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асырылу аясында «Open space» форматындағы сервистік ауылдық әкімдік ашылды. 

Барлық қажетті құралдармен жабдықталған жаңа мекеме қолданыс­тағы әкімшілік ғима­ра­тында орналасқан. Онда 3 операция залы, күту залы, анық­тама қызметі, жиын өткізетін кабинет бар. Өзіне өзі қызмет көрсететін бұрыш та ұйымдас­тырылған. Кіреберіс арнайы пандуспен жабдықталған, пер­со­налды шақыру түймешесі, Брайль шрифтті мәтіні бар тақтайша. 
«Open space» орталығында жер қатынастары, сәулет, ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, білім мәсе­ле­лері бойынша мемлекеттік қыз­­мет­тің 6 түрі көрсетіледі, келушілерді тіркеу және құжат­тар­ды қабылдау жүргі­зіледі. 
Сонымен қатар «Jetisy – adaldyq alańy» жобасының ая­сында «Jetisy – adaldyq alańy» жобалық кеңсесі өз жұмысын бастады. Ол мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға, халықтың цифрлық сауаттылығын көтеруге, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға бағытталған. 
Мәселен, Шеңгелді ауылдық округінде Шеңгелді, Кербұлақ, Сарыбұлақ, Қосқұдық, Ақөзек ауылында өзіне өзі қызмет көрсететін 8 бұрыш жұмыс істей­ді. Енді сапалы мемлекеттік қыз­мет алу үшін жергілікті тұр­ғын­дар жаңа, заманауи «Open space» орталығына жүгіне алады. 

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

373 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы