• Қаржы
  • 22 Сәуір, 2021

Бір көзден сатып алу азаяды

Бөлінген бюджеттік қаржыны уақытылы игеруді іске асырудың негізгі шаралары мемлекеттік сатып алулар үрдістерімен үздіксіз байланысты. 2020 жылы 1 қаңтар мен 1 қазан аралығында мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру бойынша қанатқақты жоба жүзеге асырылды.

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің бастамасымен облыс әкімдігі осы жобаны іске асырушы мемлекеттік құрылымдардың тізбесіне енгізілді. «Жоба 4 орталық мемлекеттік (қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы министрліктері) және 5 жергілікті атқарушы құрылымдарда (Нұр-Сұлтан қ., Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарында) жүргізілді. Жалпы алғанда қанатқақты жоба бірыңғай тәжірибені қалыптастыру, сатып алуды стандарттау, шығыстарды, оның ішінде функциялардың қайталануын болдырмау жолымен оңтайландыру сияқты оң нәтижелер көрсетті», – деді өңірлік коммуникациялар орталығының қызметі алаңында өткен брифингте БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бибігүл Ниетқалиева.

2021 жылдың басынан бюджеттік шығыстарды оңтайландыру және бір көзден сатып алу үлесін азайту мақсатында 4 облыстық, атап айтқанда, білім, дене шынықтыру және спорт, табиғи ресурстары мен табиғатты пайдалануды реттеу, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен оларға ведом­стволық бағынышты мекемелерде мемлекеттік сатып алулар облыстық деңгейде жүргізілуде. Іске асқан жетістіктер ретінде үш жылдық мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруды атап өтуге болады. Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 2020-2022 жылдарға көпжылдық 10 жобаға мемлекеттік сатып алулар жарияланды. Жобалар 3 жылдық мерзімге тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін және бюджет қаражаттарын үнемдеу үшін жүзеге асырылуда.

 Гүлнәр ШӘҢГЕРЕЙ

656 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы