• Бизнес & Қоғам
  • 13 Мамыр, 2021

Білімді ұрпақ, білікті маман – мемлекеттің басты капиталы

Әлемдік ғылым-білім саласында университеттердің орны ерек. Себебі университет – жоғары білім беру ордасы ғана емес, ғылым мен инновацияның лабораториясы, өндірістің алғашқы баспалдағы. Бұлай дейтініміз, кешенді зерттеулер, тың идеялар, жаңа ізденістер көбіне университет қабырғасында жасалады.

Талантты жастар, білімді ұрпақ – мемлекеттің басты ка­пи­талы екенін есте ұстауымыз керек. Халқымыздың сапалық құра­мы өзгенің емес, осы елдің мүддесіне қызмет етуі керек емес пе? Бұл орайда, бакалавриат, магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша білік­ті мамандарды Қазақстанның жоғары оқу орындарынан өсіріп шығуға талпынуымыз қажет. Уни­верситет рейтингтерін жасауда оны бітіріп шыққан түлектердің білім деңгейі мен одан кейінгі жетістіктері ғана емес, ондағы ғылыми зерттеулердің сапасы қоса ескеріледі.
2014 жылдан бері QS компа­ниясы Дамушы Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттеріндегі университеттердің бөлек рейтин­гісін жасақтауды қолға алған болатын. Содан бері британдық Quacquarelli Symonds (QS) ком­паниясы әлемдік озық жоғары оқу орындарының рейтингісін жыл сайын жариялап келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Quacquarelli Symonds (QS) агенттігінің жаhан­дық рейтингінде әлемдегі үздік 200 университеттің қатарына кірген еліміздегі бірегей оқу орны.
2021 жылдың 28-30 сәуірі аралығында әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университеті, химия және химиялық технология факультеті (физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафе­драсы) мен Новосібір мем­ле­кет­тік техникалық универ­ситеті (Ресей) бірлесіп ұйымдас­тырған «Функционалды мате­риал­дар­дың химиялық техно­логиялары» атты VII халық­ара­лық ғылыми-практикалық кон­ференция өтті. 
Бұл 2014 жылдан бері екі университет арасындағы ката­лиз, материалдарды синтездеу, экологиялық, химиялық техно­логия cаласындағы мәселелерді талқылап, шешу үшін шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіруге бағыт­талған ірі халықаралық ғылыми іс-шара болып табылады. Аталмыш конференция дәстүрлі түрде екі унверситет тарапынан жыл сайын Ресей мен Қазақстанда кезектесіп өткізіледі.
Конференция аясында «Функ­­­ционалды материалдарды син­тездеу, модификациялау және өндіру процестерін бол­жау­дың ғылыми негіздері», «Функ­­ционалды материалдарды алу­дың экологиялық аспектілері», «Химиялық технологиялардың процестері мен құрылғылары» және «Физикалық-химиялық зерттеулер мұнай-химиясы және мұнай өңдеудің каталитикалық процестері мен катализаторлары» тақырыптарында баяндамалар жасалды.
Конференцияға қатысушы­лардың жалпы саны 395 адамды құрады, оның ішінде шетелден 253 адам және ҚазҰУ студенттері мен жас ғалымдарынан 142 адам қатысты. Жалпы 132 баяндама тыңдалды, оның ішінде 80 баян­дама ауызша және 52 баян­дама постер презентация түрінде қорғалды. Конференция нәти­желері бойынша физикалық химия, катализ және мұнай химия­сы кафедрасының Phd докто­ранттары Ж.Құбашева, А.Рахым, А.Баршабаева, М.Булыбаев жүлделі I орын­дарға, ал Zhang Xuliang III орынға ие болды. Пандемияға қарамастан онлайн форматта ұйымдастырылған кон­ференция әлемде болып жатқан ғылыми жетістіктермен, ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы озық тәжі­рибелермен бөлісу арқылы бі­ліміңді толықтырып, ғылыми-зерттеуде жаңа идеяларды, бағыт­тарды қалыптастыруға мүм­кін­ші­лік­тің бар екенін айқындап бергендей болды. 
Сондай-ақ кафедраның оқы­тушылары алыс және жақын шет­елдерде болатын халықаралық конференцияларға қатысып, баян­­дамалар жасау арқылы өзінің біліктілігін арттырып келеді. Ка­фе­драда халықаралық гранттар мен мемлекеттік бағдарлама­лар арқылы жүзеге асатын жаңа ғылыми бағыттағы зерттеулер қалыптасқан. Сол арқылы жас ғалымдардың ғылымға деген құлшынысы оянып, «ғылыми мектептер» пайда болуда. 
Конференция нәтижелері бойынша РҒДИ деректер база­сында индекстелетін, көлемі 309 бет ғылыми-зерттеу еңбектерінің жинағы шығарылды. Web of Science деректер базасында индекс­телетін ATEC Web of Conferences журналының редакция­сымен журналдың арнайы шыға­рылы­мында мақа­лаларды жария­лау туралы келі­сімге қол жеткізілді.

Ермек ӘУБӘКІРОВ, 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
кафедра меңгерушісі, 
химия ғылымдарының докторы
Назым СМАҒҰЛОВА, 
химия ғылымдарының кандидаты, доцент

787 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы