• Бизнес & Қоғам
  • 13 Мамыр, 2021

Кәсіпкерлік идеяларға жарты миллионнан беріледі

Қазақстанның 20 ҮЕҰ өздерінің кәсіпкерлік идеяларын іске асыру үшін 500 мың теңгеден алады. Бұл туралы «Әлеуметтік талдау және әріптестік орталығы» қоғамдық қорының «Қазақстанның ҮЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру және танымал ету» республикалық жобасы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлер арасында шағын гранттар конкурсын бастауға арналған онлайн баспасөз-конференциясы барысында жоба үйлестірушісі, Алма Қонарова айтты. 

Салтанат ҚАЖЫКЕН

Жобаны іске асыру бары­сын­да еліміздегі әлеумет­тік кәсіпкерліктің жай-күйі бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу, сәтті кейстер жинау және ҚР-дағы әлеуметтік кәсіпорындардың деректер базасын құру, ҮЕҰ-конкурсқа қатысушылар үшін оқыту вебинарларын өткізу, сондай-ақ гранттық конкурс пен жобаны көпшілік таныстырылымдар, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық сүйемелдеу жос­парланған. «Жыл қорытын­дысы бойынша қолдау тапқан жобалардың кем дегенде 30%-ы өзін-өзі қаржыландыру немесе жергілікті деңгейде қолдау арқылы, сондай-ақ осы жоба­ларды іске асыру аясында тұрақты жалғасатын болады деп жоспарлануда», – деді Алма Қонарова.
Азаматтық қоғам істері ко­митеті төрағасының орын­басары Гүлбара Сұлтанова өзінің құттықтау сөзінде мемлекет­тің әлеуметтік кәсіп­керлікті дамытуға және оны заңнамалық деңгейде қолдауға мүдделілігін атап өтті. «Азаматтық бастама­ларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас шағын гранттар конкурсына қатысушыларды қолдау туралы өз ойын ортаға салды. «Green TAL» әлеуметтік шеберха­насының негізін қалау­шы Эмин Әскеров жобаның бар­лық қатысушыларына кон­суль­­­тациялық көмек көрсету­ге дайын екенін білдіріп, әлеу­мет­тік кәсіпкерлік саласын­дағы өз тәжірибесі туралы айтты. 
Баспасөз конференциясы барысында өтінім беру тәр­тібі бойынша сұрақтар қойы­лып, кураторлар толық жауап берді. Шара соңында жоба кураторлары шағын гранттар конкурсының әлеуетті қатысу­шылары үшін алғашқы вебинар­ды өткізу жөніндегі хаттарды қабылдау күндерін атап өтті.
Жобаны Азаматтық бастама­ларды қолдау орталығының жетекшілігімен «Әлеуметтік талдау және әріптестік орта­лығы» қоғамдық қоры жүзеге асыруда.

597 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы