• Агроинновация
  • 09 Мамыр, 2021

Суға жаңа тарифтер бекітілді

Ауыл шаруашылығында  пайдаланылатын суға жаңа тарифтер бекітілді.
Мамырдан бастап арналар арқылы орташа су өткізу тарифі текше метріне 1,826 теңгеден 2,057 теңгеге, оның ішінде өздігінен ағатын су берілетін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін 0,376 теңгеден 0,66 теңгеге дейін ұлғайды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің тиісті бұйрығы 1 мамырда күшіне енді, деп хабарлайды ҰЭМ баспасөз қызметі. Осы ретте бұған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК-ның арналар арқылы берілетін суға тарифтің әділ деңгейін белгілеу туралы ұсынысы негіз болғандығын айта кетпекпіз. 
  Еліміздегі жер үсті көздерінен арналар арқылы берілетін су тарифтері ирригация үшін сумен жабдықтау жүйелерін пайдалануға және оларға техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын барлық шығындарды жабу үшін жеткіліксіз және ауыл шаруашылығындағы өндірістік шығындардың елеусіз бөлігін ғана құрайды. Мәселен, судың орташа ағымдағы құны негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруге жұмсалатын шығындардың 1%-нан кемін құрайды. Сонымен қатар, қаражаттың жетіспеушілігінен инфрақұрылымның нашарлауы судың көп мөлшерде ысырап болуына әкелуде.  Ауыл шаруашылығында су шығыны 45%-ға жетеді.
Сондай-ақ тариф белгілеудің қазіргі құрылымы, әсіресе ауыл шаруашылығында, су ресурстарын тиімді пайдалануды ынталандырмайды. Тариф негізінде тұтынушыға судың экономикалық құндылығы бар екенін, оны тиімді бөлу және пайдалану керектігін көрсетуі керек. Сондықтан суды пайдаланудың тиімділігін арттыру, оны үнемдеуге ынталандыру және ауыл шаруашылығындағы инфрақұрылымды тиісті пайдалану, техникалық қызмет көрсету және дамыту үшін жеткілікті түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында үкіметтің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №904 қаулысымен бекітілген суармалы жерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарында суаруға берілетін су тарифін 10 жыл ішінде ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері шығындары үлесінің 4%-на дейін біртіндеп жеткізу көзделген. 

Рымтай САҒЫНБЕКОВА

128 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы