• Цифрлы Қазақстан
  • 13 Мамыр, 2021

Еліміз ұтқыр интернетімен – 5-орында

Әлемдегі ең арзан мобилді интернет: Қазақстан ең тиімді бағаларымен ТОП-5 елдің қатарына кірді. Біздегі трафиктің күрт өсуіне қарамастан, Қазақстанда интернет-тарифтер әлемдегі ең қолжетімділердің бірі болып қалуда, деп жазады finprom.kz сайты.

ИСАТАЙ ҚАМБАРОВ

Қазіргі заманда әлем бойынша алғанда, интернет рөлі баға жетпес құндылыққа айналды. Әлемдік желі бизнес құрылымдардың да, сондай-ақ қарапайым адамдар өзінің де – жалпы алғанда, бүкіл тыныс-тіршілігімізді іс жүзінде барынша қолдап отыр. Коронавирус індеті адамдар өмірінің барлық салаларын интернеттен­діру үдерісін жеделдете түсті. 2020 жылы Қазақстан­дағы жастары 6-74 аралығындағы тұрғындардың жалпы санының интернет-қолданушылар үлесі 88,2%-ға дейін артқан. Ал, осыдан бес жыл бұрын көрсеткіш 76,8% құрапты. 
Географиялық созылыңқылығы тұрғысынан (көлемі жағынан Қа­зақстан әлемде 9-шы орын алады) және халқының «шашыраңқы» орналасуы себепті елімізде мобилді интернет неғұрлым танымал және айрықша маңызды болып табылады. 2021 жылдың 1 сәуіріне Қазақстанда интернетке қолжетімді, ұялы байланыстағы 16,1 млн абонент тіркелген екен. Бір жылда олардың саны 8%-ға, бес жылда – бірден 45,9%-ға өскен. Интернеттің жылдамдығы мен бағасы мәселесі қазақстандықтар үшін бірінші орынға шыққан. 
Атап айту керек: алмағайып аймақ қамтуды қамтамасыз ету қажеттігін талап ететін оңай емес географиялық ерекшеліктерге қарамастан, ҚР-дағы ұтқыр интернет – әлемдегі ең арзандардың бірі. Енді мұны, Қазақстанның мейлінше арзан мобилді интернетімен ТОП-5 қатарына енген, Internet Accessibility Index жахандық рейтингі де растап отыр. Қазақстан Республикасында 1 Гб-тың орташа құны бар-жоғы 0,9 АҚШ долл ғана құраса, көптеген дамыған елдерде 9–10 АҚШ долларынан асып түседі екен. Яғни, Қазақстанда 15 Гб интернет үшін орта есеппен 13,5 АҚШ долларынан төленсе, мұндай интернетке, мәселен, Германияда – 73,5 АҚШ доллары, Жапонияда – 84 АҚШ доллары, Америка Құрама Штаттарының өзінде – 144 доллар, Канадада – 166,5 АҚШ доллары, Швейцарияда – 192 АҚШ доллары төленетін көрінеді. 


Ең арзан мобильді интернеті бар ел Үндістан екен, үздіктер қатарында Израиль мен Ресей де бар (1-инфографика).
Бұдан өзге, зерттеулер мынаны да атап көрсетеді, нақ Қазақстанның Орталық Азияда ең алдыңғы қатарлы телекоммуникациялық салалары бар екен. Жақсы талшықты-оптикалық жүйелер мен мобилді және орнықты кеңжолақты қолжетімді дамыған инфрақұрылым мобилді байланыс провайдерлері мен операторларына өз қызметтерін пайдаланушыларына, деректерінің 1 Гб-на бағасы төмен, неғұрлым ірі трафик топтамаларын ұсына алады. 
Жалпы алғанда, елдің ауқымы кең болған сайын, оны қамту мәселесі де соғұрлым қымбаттай түседі де, тиісінше, интернет пайдаланушылар үшін оның түпкі құны да тым жоғары болып қалыптасар еді. Алайда, Қазақстанда жағдай басқаша өрбуде: мобилді байланыс операторлары секторға айтарлықтай инвестициялар салуда, бірақ та соған қарамастан, түпкілікті баға абоненттер үшін төмен деңгейде сақталып келеді. 2020 жылы ақпарат және байланыс саласына инвестициялар 37,2%-ға, 140,9 млрд тг-ге дейін артқан, ал ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына инвестициялар, оның алдындағы жылға қарағанда, бірден 63,2%-ға өскен. Іс жүзінде онсыз да жоғары салымдар жылдан жылға үдемелі түрде оң динамика байқатады. 
Ұялы байланыс операторлары сондай-ақ өз іс-қимылдарын бекітуге де күрделі қаржы шығындарын айтарлықтай арттырған. Мәселен, 2020 жылы Beeline-ның күрделі қаржы шығындары 32,5%-ға өсіп, 61,2 млрд тг құраған. Өз кезегінде Kcell де күрделі қаржы шығындарын 32,9%-ға, 26,8 млрд тг-ге дейін арттырған (2-инфографика). 
Коронавирус індеті жайлаған кезде қазақстандықтар әлсін-әлсін интернеттің жылдамдығы жеткіліксіздігіне наразылық білдірген. Бәлкім, бағалардың төмендігі де тежеуші фактор шығар. Телекоммуникациялық жабдықтар­ға инвестициялар тұрақты түрде үстемеленіп отыруы тиіс – бірінші­ден, Қазақстанның географиялық ауқымдылығына байланысты және де алыс орналасқан ауыл-селолық аудандарды байланыспен қамтамасыз ету қажеттілігінен, екіншіден, жүйе өсе түскен ауыртпалықтарды еңсере алуы үшін де бұлар қажет. Интернет-трафиктің мейлінше өсуі Beeline-де байқалады: «індетті» 2020 жылы көрсеткіш бірден 63%-ға өскен. Бұл ретте Kcell-де трафик 40,6%-ға, ал Tele2-де – 34%-ға өскен. Пайдаланылатын трафиктердің осынша ұлғаюы – жұмыс істеу мен оқудың қашықтық форматқа көшірілуі аясында, және де жалпы алғанда, қазақстандық­тардың басым көпшілігі өмірінің айтарлықтай бөлшегі онлайнға ауысуын да ескерер болсақ – қалыпты жағдай. 
Statista ақпараттық ресурсының болжамдарына сәйкес, мобилді интернет-трафик бүкіл әлемде одан әрі өсе бермек. 2018–2022 жылдардағы орташа жылдық трафик өсімі 46,8% құрайды. Қазақстанда да интернетті пайдаланудың арта түсуі – бұлтартпас ақиқат. Осының аясында ұтқыр интернетке қолжетімділік, электрмен және жылумен, жалпы энергетикамен жабдықтау мәселелерімен қатар – көкейкесті қажеттілікке айналады (3-инфографика).

3832 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы