• Цифрлы Қазақстан
  • 13 Мамыр, 2021

Ұлттық цифрлық валюта енгізілмек

Биыл екінші жартыжылдықта «Цифрлық теңге» ілкі жобасы іске асырыла бастайды. Бұл туралы кешегі үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты. Цифрлық теңге – бұл Ұлттық банктің сандық нысанда ұсынылған міндеттемесі болып табылатын ақша қаражатының перспективалы нысаны. Цифрлық теңге заңды төлем құралы, құн өлшемі және жинақ құралы болып табылады.

БЕКЕТ КӨКЕНАЙҰЛЫ

Цифрлық теңгені шығару үшін ең алдымен сол сандық валюта шешетін міндеттерді анықтай отырып, оның пайдасы мен зиянын, ақша-кредит саясатына әсерін, қаржы тұ­рақтылығын және төлем эко­жүйесін, оны шығару және тарату әдісін, қолданылатын технологиясын жан-жақты зерттеу қажет. Ұлттық банк бұл жұ­мысты қаржы нарығының қатысушыларымен, сарапшылар қоғамдастығымен және халықаралық әріптестермен бірлесіп жүргізуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта сандық валюта енгізудің  қыр-сырын жария талқылау, оның артық­шылықтары мен тәуе­келдерін жан-жақты зерттеу үшін өз сайтында «Цифрлық теңге» туралы баяндамасын көпшілік  назарына ұсынды.


Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев атап өткен­дей, баяндамада цифрлық валютаның технологиялық және экономикалық сипаты, Ұлттық банктің цифрлық теңгені зерттеу және енгізу тәсілдері, ықтимал әсерлерді алдын ала бағалау, сондай-ақ қанатқақты жобаның сипаттамасы мәселелері қамтылған. «Енгізудің ықтимал әсерле­рін зерттеу нәтижелері, ілкі жобаның қорытындысы және мүдделі тараптармен талқылау бойынша цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылданады және жол картасы әзірленеді. Ілкі жоба 2021 жылдың екінші жартысында іске асырылатын болады», – деді Ұлттық банк төрағасы.

4706 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы