• Қаржы
  • 06 Мамыр, 2021

Маусым мөлшерлемелері өзгеріссіз қалды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры  теңгелік депозиттер бойынша  биылғы маусым айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.

Қысқа мерзімді теңгелік депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелердің көлемі Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесіне тікелей тәуелді. Ал осы жылдың сәуірінде базалық мөлшерлеме  9,0% деңгейінде сақталды. Сондық­тан мұндай депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер маусым айында өзгермейді, деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.

12 және 24 айлық мерзімді депозиттер нарығында қандай да бір белсенділік болмағандықтан, олар бойынша ең жоғары мөлшер­лемелер де бұрынғы деңгейінде сақталды.  

Ал салымшылар үшін ең тартымды салымдар жинақ салымдар болып қалуда. Өйткені олар бойынша табыстылық жоғары деңгейде. Солардың ішінде ең танымалы – 1 жылға арналған жинақ салымдар. Сол себептен, олар бойынша мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде сақталды. «Алайда нарықта 24 айлық жинақ салымдар бойынша нарықтық мөлшерлемелердің төмендеу сипаты сақталуына байланысты бұл салымдар бойынша мөлшерлемелер шамалы азайды», делінген хабарламада.

ЕРНАР ОРМАНОВ

713 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қуантайұлы Нұржан

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редакторы